https://sputnik.kz/20220105/Toqaev-zhappay-miting-19051757.html
Президент Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты
Президент Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T08:25+0500
2022-01-05T08:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
митинг
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19051569_0:0:3011:1694_1920x0_80_0_0_cc936b6b3610e561c69f838f33503003.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бұл туралы президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді."Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады.Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин тағайындалды.Халық наразылық білдірді2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар бірнеше полиция көлігін қиратты. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газды қолданды. Қала әкімдігінің ғимаратын арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алды.Тоқаев мәлімдеме жасадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды. "Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.Оқи отырыңыз: Президент Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19051569_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_76bc4ae4a24494c7fa85ff07dc40b687.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, митинг, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қасым-жомарт тоқаев, митинг, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Президент Қазақстандағы жаппай митингіге кімдер кінәлі екенін айтты
08:25 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жаппай наразылық шеруіне кінәлілерді атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бұл туралы президент еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты өткізген кеңесте мәлімдеді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының артуына байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін үкімет, соның ішінде Энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты", - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Президент Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгеннен кейін ахуал біртіндеп түзелетінін атап өтті. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандыруға қатысты тапсырмалар берілгенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің
отставкасын қабылдады.Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин
тағайындалды.2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар бірнеше полиция көлігін қиратты. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газды қолданды. Қала әкімдігінің ғимаратын арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды.
"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін, барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.