Саясат

Мұрат Нұртілеу ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мұрат Нұртілеу Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин тағайындалды.
Қазақстанда жаңа жылдан кейін газ бағасының күрт өсуіне байланысты наразылық акциялары басталды. Митингілер Маңғыстау облысынан басталып, кейін Қазақстанның басқа өңірлерінде де өтті. 5 қаңтарға қараған түні Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты.
Оқи отырыңыз: Президент Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады 
Жаңалықтар
0