https://sputnik.kz/20220105/Almaty-narazylyq-akimdik-19057525.html
Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке басып кіруге тырысып жатыр
Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке басып кіруге тырысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Резеңке таяқ ұстаған үш мыңға жуық наразылық білдіруші Алматы әкімдігіне шабуылдап жатыр, полицейлер жарық шу гранаталарымен қорғануда 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T13:38+0500
2022-01-05T13:38+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
алматы
наразылық акциялары
https://sputnik.kz/img/old/612/63/6126325_0:377:960:919_1920x0_80_0_0_855a119f08a74a82bbbd4260e6219643.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар - Sputnik. Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.Ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналды. Көбісінің қолында резеңке таяқ бар.Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық шу гранаталарымен тойтарыс беріп жатыр.Ашуға мінген ер адамдар Sputnik Қазақстан тілшісінің көзінше бірнеше полицейді соққыға жықты. Қалқандар мен каскаларды тартып алды.Наразылық білдірушілер Алматы әкімдігіне қалай жетті2022 жылдың 5 қаңтарында түске қарай "Алматы Арена" маңына бірнеше жүз адам жиналды. Олар жоғары лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуін, кредитті кешіруді және тауарлардың бағасын төмендетуді талап етті.Наразылық білдірушілер жолдарды жауып, ешкімді өткізбеді.Бір кезде демонстранттар жедел жәрдем көлігін тартып алып, дауыс зорайтқыш арқылы қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. Олардың көпшілігінің қолында таяқ пен тас, сонымен қатар СОБР қалқандары болды. Төле би көшесінің бойымен бір топ адам қала әкімдігіне қарай бет алды.Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында наразылық акциясына шыққандар трамвай рельстерімен жолды жауып тастады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/612/63/6126325_0:346:960:950_1920x0_80_0_0_7aada92a557d77c13e93e31fdb6f4b18.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, алматы, наразылық акциялары
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, алматы, наразылық акциялары
Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке басып кіруге тырысып жатыр
13:38 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Резеңке таяқ ұстаған үш мыңға жуық наразылық білдіруші Алматы әкімдігіне шабуылдап жатыр, полицейлер жарық шу гранаталарымен қорғануда
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар - Sputnik. Алматыда наразылық білдірушілер әкімдікке шабуылдай бастады, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.
Ғимараттың алдында үш мыңға жуық ер адам жиналды. Көбісінің қолында резеңке таяқ бар.
Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкері оларға жарық шу гранаталарымен тойтарыс беріп жатыр.
Ашуға мінген ер адамдар Sputnik Қазақстан тілшісінің көзінше бірнеше полицейді соққыға жықты. Қалқандар мен каскаларды тартып алды.
Наразылық білдірушілер Алматы әкімдігіне қалай жетті
2022 жылдың 5 қаңтарында түске қарай "Алматы Арена" маңына бірнеше жүз адам жиналды. Олар жоғары лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуін, кредитті кешіруді және тауарлардың бағасын төмендетуді талап етті.
Наразылық білдірушілер жолдарды жауып, ешкімді өткізбеді.
Бір кезде демонстранттар жедел жәрдем көлігін тартып алып, дауыс зорайтқыш арқылы қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. Олардың көпшілігінің қолында таяқ пен тас, сонымен қатар СОБР қалқандары болды.
Төле би көшесінің бойымен бір топ адам қала әкімдігіне қарай бет алды.
Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында наразылық акциясына шыққандар трамвай рельстерімен жолды жауып тастады.