https://sputnik.kz/20220105/Almaty-miting-Sagyntaev-undeu-19051600.html
Алматыдағы митинг: Сағынтаев тұрғындарға үндеу жасады
Алматыдағы митинг: Сағынтаев тұрғындарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатқанын хабарлады 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T08:14+0500
2022-01-05T08:14+0500
2023-08-10T14:47+0500
митинг
үндеу
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қаңтар оқиғасы
бақытжан сағынтаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050902_0:235:3223:2048_1920x0_80_0_0_a5595ad5c949f283df7a828bcbde5e3e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Құрметті алматылықтар! Қаладағы күрделі жағдайға байланысты өздеріңізге үндеу жолдаймын. Тыныштығымызды бұзу үшін арандатушылар сырттан да, іштен де экстремистік әрекеттер жасады. Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қазір қаладағы жағдайды билік бақылауына алды", - деді Сағынтаев.Қала басшысының айтуынша, арандатушылар мен экстремистерді ұстау шаралары атқарылып жатыр. Сондай-ақ бүлік салушылар анықталуда. Осы орайда Сағынтаев төтенше жағдай енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті."Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім. Ел президентінің жарлығына сәйкес, қалалық полиция департаментінің бастығы, генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды. Әкімдік қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында жұмыс істеуде. Біздің ортақ мақсатымыз – қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау", - деп атап өтті Сағынтаев.Әкім халықты арандатушылық пен заңсыздыққа жол бермеуге шақырып, түнде қаланың тыныштығын сақтауға атсалысқан тәртіп сақшылары мен барлық жауапты қызметкерлерге, сондай-ақ осы жағдайға жауапкершілікпен қараған алматылықтарға алғысын айтты.Төтенше жағдай енгізілдіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.Оқи отырыңыз: Президент Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады Генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды.Халық неге көшеге шықты2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар бірнеше полиция көлігін қиратты. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газды қолданды. Қала әкімдігінің ғимаратын арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алды.Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі Ерлан Қарин тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050902_222:0:2953:2048_1920x0_80_0_0_fd1b071a0b07d0186265bb1554717114.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, үндеу, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, бақытжан сағынтаев
митинг, үндеу, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, бақытжан сағынтаев
Алматыдағы митинг: Сағынтаев тұрғындарға үндеу жасады
08:14 05.01.2022 (жаңартылды: 14:47 10.08.2023) Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатқанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдай бақылауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Құрметті алматылықтар! Қаладағы күрделі жағдайға байланысты өздеріңізге үндеу жолдаймын. Тыныштығымызды бұзу үшін арандатушылар сырттан да, іштен де экстремистік әрекеттер жасады. Алматының тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтау мақсатында құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдап жатыр. Қазір қаладағы жағдайды билік бақылауына алды", - деді Сағынтаев.
Қала басшысының айтуынша, арандатушылар мен экстремистерді ұстау шаралары атқарылып жатыр. Сондай-ақ бүлік салушылар анықталуда. Осы орайда Сағынтаев төтенше жағдай енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Бұл заңдылық пен тәртіпті қалыпқа келтіру, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың бостандығы мен құқығын қорғау жолындағы маңызды шешім. Ел президентінің жарлығына сәйкес, қалалық полиция департаментінің бастығы, генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды. Әкімдік қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланы қалыпта ұстау мақсатында жұмыс істеуде. Біздің ортақ мақсатымыз – қаламызда тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, бейбіт халықты қауіп-қатерден аман сақтау", - деп атап өтті Сағынтаев.
Әкім халықты арандатушылық пен заңсыздыққа жол бермеуге шақырып, түнде қаланың тыныштығын сақтауға атсалысқан тәртіп сақшылары мен барлық жауапты қызметкерлерге, сондай-ақ осы жағдайға жауапкершілікпен қараған алматылықтарға алғысын айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтар сағат 01:30-дан 19 қаңтар сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.
Генерал Қанат Таймерденов Алматы қаласының коменданты болып тағайындалды.
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы – митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
Басқа өңірлерде де митингілер өтті. Ал Алматыда наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар бірнеше полиция көлігін қиратты. Тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газды қолданды. Қала әкімдігінің ғимаратын арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алды.
Естеріңізге сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті
отставкаға жіберді.Мемлекеттік хатшы болып президенттің бұрынғы көмекшісі
Ерлан Қарин тағайындалды.