https://sputnik.kz/20220105/Almaty-miting-19049235.html
Алматыдағы митинг: дәл қазір не болып жатыр
Алматыдағы митинг: дәл қазір не болып жатыр
Sputnik Қазақстан
Sputnik Қазақстан тілшісі Алматыда наразылық білдірушілер жиналған Республика алаңында жағдай шиеленісе түскенін хабарлады 05.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-05T00:15+0500
2022-01-05T00:15+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
алматы
митинг
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19049308_226:0:1293:600_1920x0_80_0_0_8b3bf21bcb23274274cc65e57caa80aa.jpg
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Республика алаңына мыңнан астам адам жиналды. Жиналғандар бір полиция қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер алаңға келе сала полицияға қар мен бөтелке лақтырған. Митингке шыққандардың бір бөлігі оларды тоқтатпақ болды, алайда тоқтата алмады. Жастар қоршауды бұзып, әрі қарай полиция шебін ығыстыра бастады. Полиция тек қорғанып, қарсы әрекетке бармады. Наразылық білдірушілер күш құрылымары қызметкерлерін Назарбаев көшесіне дейін ығыстырды. Ол жерде де полиция шебі тұрды. Дәл сол жерде жарық-шу гранаталары мен көзден жас ағызатын газы бар гранаталар қолданылды. Газ бірнеше минут ішінде алаңға тарады. Наразылық білдірушілер жан-жаққа қашқан кезде бірнеше полиция көлігін талқандады. Жиналғандардың бір бөлігі Желтоқсан көшесіне, енді бір бөлігі Байсейітова көшесі арқылы Абай даңғылына, тағы бір бөлігі Достық даңғылына қарай кетті.Қала әкімдігінің ғимаратын полицейлер, жедел әрекет ету жасағы мен арнайы жасақ қызметкерлері қоршап тұр.Қазір адамдар саны азайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тоқаев мәлімдеме жасадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін тағы бір рет еске салды.Ол барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19049308_361:0:1161:600_1920x0_80_0_0_5142295f744d8aea53739e4863acc7f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, алматы, митинг
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, алматы, митинг
Алматыдағы митинг: дәл қазір не болып жатыр
00:15 05.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Sputnik Қазақстан тілшісі Алматыда наразылық білдірушілер жиналған Республика алаңында жағдай шиеленісе түскенін хабарлады
АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы Республика алаңына мыңнан астам адам жиналды. Жиналғандар бір полиция қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Sputnik Қазақстан тілшісінің хабарлауынша, наразылық білдірушілер алаңға келе сала полицияға қар мен бөтелке лақтырған. Митингке шыққандардың бір бөлігі оларды тоқтатпақ болды, алайда тоқтата алмады. Жастар қоршауды бұзып, әрі қарай полиция шебін ығыстыра бастады. Полиция тек қорғанып, қарсы әрекетке бармады. Наразылық білдірушілер күш құрылымары қызметкерлерін Назарбаев көшесіне дейін ығыстырды. Ол жерде де полиция шебі тұрды.
Дәл сол жерде жарық-шу гранаталары мен көзден жас ағызатын газы бар гранаталар қолданылды. Газ бірнеше минут ішінде алаңға тарады. Наразылық білдірушілер жан-жаққа қашқан кезде бірнеше полиция көлігін талқандады. Жиналғандардың бір бөлігі Желтоқсан көшесіне, енді бір бөлігі Байсейітова көшесі арқылы Абай даңғылына, тағы бір бөлігі Достық даңғылына қарай кетті.
Қала әкімдігінің ғимаратын полицейлер, жедел әрекет ету жасағы мен арнайы жасақ қызметкерлері қоршап тұр.
Қазір адамдар саны азайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды.
"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін тағы бір рет еске салды.
Ол барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданатынын айтты.