Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасы бізге сабақ болуға тиіс – депутат

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVГорящая машина на месте массовых протестов в Алматы
Горящая машина на месте массовых протестов в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
БАҚ өкілдері депутатқа "халық мәжіліс кетсін деген талап қойса, кетуге дайынсыз ба" деп сұрақ қойды
НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл елдегі жаппай наразылық кезінде адам шығынына жол бермеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Журналистер мәжіліс кулуарында депутат Бақытбек Смағұлдан елде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиға қайталанбай ма деп сұрады.
"Ол қайталануға тиісті емес. Жаңаөзен оқиғасы бізге үлкен сабақ болуға тиіс. Оның бір рет болғаны жеткілікті емес пе. Адам өмірінен маңызды не бар. Соған әкелмеу керек, арандатушыларға ермеу керек. Қарапайым халыққа заң жүзіндегі талабын жалғастыруға ешкім де шек қоя алмайды. Алайда соны пайдаланып, қоқан-лоққы көрсетуге болмайды, тіпті ол әскери адам болсын. Қарапайым халық өзге жат жердегі адамдарға сеніп, алаңды пайдаланып шыға салып, оған ермеуі керек", - деді мәжілісмен.
Ал басбұзарлыққа бұрып жатса, онда тәртіпке шақыруға тиіспіз. Өйткені қоғамда басқа да адамдар бар. Олардың барлығына біздің тұрақтылығымыз ауадай қажет. Тұрақтылық бәріне де керек, деп жалғастырды Смағұл.
БАҚ өкілдері Смағұлдан "халық мәжіліс кетсін деген талап қойса, кетуге дайынсыз ба" деп сұрады.
"Мен әрқашан да "құп болады" деймін. Мен бұларға байланып қалған адам емеспін. Осы жерде қоғамға кішкентай да болса пайдамыз тисін деген оймен жүрміз", - деді депутат.
Бақытбек Смағұл депутаттар әрқашан халықпен бірге екенін мәлімдеді.

Қазақстандағы жаппай наразылық

2 қаңтар күні Маңғыстау облысының тұрғындары бас көтерді. Тұрғындардың наразылығына сұйытылған мұнай газының екі есеге – 60 теңгеден 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Митингке шыққандар бағаны 50 теңгеге дейін түсіруді талап етті. Өңірдегі жағдай ушығып, шұғыл түрде үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, халықтың талабы орындалатынын мәлімдеді.
Кейін Маңғыстау облысында басталған наразылық елдің өзге өңірлерінде жалғасты. Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабын орындауға мәжбүр болды: митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендеді.
4 қаңтар кешке жағдай шиеленісіп, Алматыдағы наразылықтың соңы тәртіпсіздікке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көлігін қиратты. Жағдай ушыққан соң қаладағы тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды. Наразылыққа шыққандар қаладағы үлкен көшелермен жүріп, қала әкімдігі ғимаратына дейін барды. Ол жерде арнайы жасақ қызметкерлері қоршауға алған.
5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Маңғыстау облысы және Алматы облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізді.
Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен үкімет отставкаға кетті.
Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.
Үкімет мүшелері үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Жаңалықтар
0