https://sputnik.kz/20220104/politsiya-zheli-vide-tusinikteme-19047229.html
"Баланы ұстап жатырсыздар ма?": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
"Баланы ұстап жатырсыздар ма?": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Полиция "Астана концерт залы" ауданында бір топ азаматтың рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға тырысқанын хабарлады 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T15:38+0500
2022-01-04T15:38+0500
2022-02-02T09:48+0500
елорда тынысы
полиция
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748878_0:0:3067:1725_1920x0_80_0_0_80f5c4da7f660cbaadad18e6a3fec9a5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы митинг кезінде бірнеше адамның ұсталуына қатысты түсініктеме берді.Маңғыстау облысындағы наразылықты қолдау мақсатында Нұр-Сұлтанда да бір топ адам жиналды. Арасында қоларбадағы баласымен келген келіншек те бар.Әлеуметтік желіде полиция жиналғандарды арнайы көлікке отырғызып жатқан видео тарады. Ол жерде тәртіп сақшылары митингке кішкентай баласымен келген әйелді де ұстағаны айтылады.Екі полицей қоларбаны екі жағынан ұстап, арнайы көліктің ішіне кіргізген.Видео авторы "Баланы ұстап жатырсыздар ма?" деп сұрайды.Соған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, 4 қаңтарда "Астана концерт залы" ауданында бір топ азамат рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға тырысты.Ал келіншек баласымен полиция бөліміне емес, үйіне жеткізілген."Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері елорданың 30 жастағы тұрғынын 5 айлық баласымен бірге шағын автобуспен үйіне алып кетті", - деп мәлімдеді полиция.Оқи отырыңыз: Маңғыстауда үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/19/18748878_338:0:3067:2047_1920x0_80_0_0_eb250704b44b90794062f16a62da72b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
полиция, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
"Баланы ұстап жатырсыздар ма?": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
15:38 04.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Полиция "Астана концерт залы" ауданында бір топ азаматтың рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға тырысқанын хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы митинг кезінде бірнеше адамның ұсталуына қатысты түсініктеме берді.
Маңғыстау облысындағы наразылықты қолдау мақсатында Нұр-Сұлтанда да бір топ адам жиналды. Арасында қоларбадағы баласымен келген келіншек те бар.
Әлеуметтік желіде полиция жиналғандарды арнайы көлікке отырғызып жатқан видео тарады. Ол жерде тәртіп сақшылары митингке кішкентай баласымен келген әйелді де ұстағаны айтылады.
Екі полицей қоларбаны екі жағынан ұстап, арнайы көліктің ішіне кіргізген.
Видео авторы "Баланы ұстап жатырсыздар ма?" деп сұрайды.
Соған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олардың хабарлауынша, 4 қаңтарда "Астана концерт залы" ауданында бір топ азамат рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыруға тырысты.
"Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда жиналған азаматтар құлақ аспай, заңды талаптарды орындаудан бас тартты. Мән-жайды анықтау үшін бірнеше адам полицияға жеткізілді", - деп хабарлады полиция.
Ал келіншек баласымен полиция бөліміне емес, үйіне жеткізілген.
"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері елорданың 30 жастағы тұрғынын 5 айлық баласымен бірге шағын автобуспен үйіне алып кетті", - деп мәлімдеді полиция.