https://sputnik.kz/20220104/politseyler-zhogalu-otbasy-19039372.html
Түркістан облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт отбасымен қауышты – видео
Түркістан облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт отбасымен қауышты – видео
Sputnik Қазақстан
Түркістан облысының полицейлері тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігітті отбасына тапсырды 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T07:01+0500
2022-01-04T07:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
видео
мультимедиа
түркістан облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e6/01/03/19039335_0:0:729:412_1920x0_80_0_0_5d5dc54f57adccbcb3d42ba6875b52db.png
2012 жылы Түлкібас аудандық полиция басқармасына Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жастағы тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізеді.Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп кетеді. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шығады. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесіз болады.Осылайша тоғыз жыл өткен соң жедел уәкілдер жоғалған ер баланы тапты. Криминалдық полиция басқармасының полицейлері оның Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Қазіргі уақытта ол 24 жаста.Оны полиция бөліміне жеткізген тәртіп сақшылары арнайы психолог мамандарымен сөйлестірді.Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен. Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып, қауыштырды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/03/19039335_0:0:701:440_1920x0_80_0_0_9e3089e92ff6ba59051054afb731227e.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, түркістан облысы, полиция
мультимедиа, түркістан облысы, полиция
Түркістан облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт отбасымен қауышты – видео
07:01 04.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Түркістан облысының полицейлері тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен жігітті отбасына тапсырды
2012 жылы Түлкібас аудандық полиция басқармасына Арыс қаласындағы балалар үйінің басшылығы арызданып, Түлкібас ауданында лагерьде жүрген 15 жастағы тәрбиеленушісінің із-түссіз жоғалып кеткенін жеткізеді.
Жасөспірім жоғалған соң аудан сақшылары болған жайтты бірден тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарына кірісіп кетеді. Лагерьдің аумағы мен баруы мүмкін жерлердің барлығын шолып шығады. Алайда іздестіру жұмыстары нәтижесіз болады.
Осылайша тоғыз жыл өткен соң жедел уәкілдер жоғалған ер баланы тапты. Криминалдық полиция басқармасының полицейлері оның Келес ауданында мал бағып, күнелтіп жүргенін анықтады. Қазіргі уақытта ол 24 жаста.
Оны полиция бөліміне жеткізген тәртіп сақшылары арнайы психолог мамандарымен сөйлестірді.
Белгілі болғандай, жас жігіт өз еркімен шығып кетіп, ересек адамдар секілді өмір сүргісі келген. Содан соң жалдамалы қойшы болып жұмыс істеп, күнелткен. Тәртіп сақшылары жігіттің туыстарын тауып, қауыштырды.