Өңірлер

Қостанайда боранда жасөспірім жоғалып кетті

© Sputnik / Г. Надеждин / Медиабанкке өтуЗимние забавы, архивное фото
Зимние забавы, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Оны іздестіруге қармен жүретін техника да жұмылдырылып, еріктілер тартылды
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр.
Оны іздестіру жұмыстарына еріктілермен бірге қармен жүретін арнайы техника да тартылды, деп хабарлады жергілікті Алау ақпараттық порталы. 
Жасөспірім 3 қаңтарда сағат таңғы 10.00 шамасында жылқы іздеуге далаға кеткен. Содан оралмады. Қостанай облысында 3 қаңтарда боран соғып, қар жауды. 
Жоғалған жасөспірімнің ата-анасы полициядан көмек сұрады. Қазіргі күні оны полициямен қатар еріктілер де іздестіріп жатыр. Алайда боран мен қатты жел іздестіру жұмыстарын қиындатып отыр. 
"Адамдар өте көп, қармен жүретін техника, машиналар. Олардың бәрі баланы іздестіріп жатыр", - дейді "Дос" еріктілер жасағының мүшелері.

Оқи отырыңыз: 

 
 
 
Жаңалықтар
0