Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Тылсым мен ғажайыпқа толы: Ресейдегі жұмбақ жерлер – фото

Жазылу
Жаңа жылда ғажайып мен тылсымға деген сенім арта түседі. Сондықтан Ресейдегі құпия мен сырға толы орындарға саяхаттауға шақырамыз
Sputnik түсініксіз әрі тылсым құбылыстармен байланысты орындардың суреттерін ұсынады. Олардың қалай және қайдан пайда болғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр.
Ресейде мұндай таңғажайып әрі сиқырлы жерлер өте көп. Олардың қатарында ежелгі қалашықтар мен ғибадатханалар, ормандар, үрейлі әңгімелермен байланысты қараусыз қалған ғимараттар немесе аномалиялық құбылыстар жиі байқалатын жол бөліктері, рухтар күзететін өзен-көлдер бар.
Мұндай жерлердегі құбылыстарға ғалымдар да нақты түсініктеме бере алмай отыр. Бірақ олар туристер мен саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие. Үрейлі оқиғалардан сескенбейтін нағыз жүрек жұтқандар осындай орындарға аттанады. Ел арасында тараған аңыз-әңгімелер олардың саяхатқа деген қызығушылығын арттыра түседі.
Тылсымға толы Алтай, Телецк көлі, Воттоваара тауы, Байкал жағалауы, көп сыр мен құпияны бүгіп жатқан Қырым түбегі...
Ресейдегі осы және басқа да жұмбақ жерлер туралы суреттер топтамасынан толығырақ оқыңыз.
© Depositphotos.com / LanaKrayКарелиядағы Воттоваара мистикалық тауындағы көл. Мұнда қойтас көп және олардың кейбірінің орналасуы тіпті ерекше. Бұл нысандар туралы алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында белгілі болды.
Карелиядағы Воттоваара мистикалық тауындағы көл. Мұнда қойтас көп және олардың кейбірінің орналасуы тіпті ерекше. Бұл нысандар туралы алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында белгілі болды.  - Sputnik Қазақстан
1/13
Карелиядағы Воттоваара мистикалық тауындағы көл. Мұнда қойтас көп және олардың кейбірінің орналасуы тіпті ерекше. Бұл нысандар туралы алғаш рет өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында белгілі болды.
© Sputnik / Igor Podgornyi / Медиабанкке өтуВоттоваара тауындағы "Аспанға апаратын баспалдақ" туристік нысаны. 1990 жылдардың басында ғалымдар бұл нысандардың діни мақсатта қолданылғаны және олар ежелгі саам халқының мәдениетіне жататыны туралы қорытынды жасады.
Воттоваара тауындағы Аспанға апаратын баспалдақ туристік нысаны. 1990 жылдардың басында ғалымдар бұл нысандардың діни мақсатта қолданылғаны және олар ежелгі саам халқының мәдениетіне жататыны туралы қорытынды жасады.  - Sputnik Қазақстан
2/13
Воттоваара тауындағы "Аспанға апаратын баспалдақ" туристік нысаны. 1990 жылдардың басында ғалымдар бұл нысандардың діни мақсатта қолданылғаны және олар ежелгі саам халқының мәдениетіне жататыны туралы қорытынды жасады.
© Sputnik / Igor Podgornyi / Медиабанкке өтуКарелиядағы Воттоваара тауының басында орналасқан "Құдық" туристік нысаны. Воттоваара тауы – бірегей геологиялық ескерткіш. Воттоваара Батыс Карель тауының ең биік нүктесі болып саналады. Нақты биіктігі – 417,3 метр, ал аумағы алты шаршы километрге жуықтайды. Бұл жұмбақ аймақ таңғажайып тастар, құпиялы жартастар және ағаштар жиі кездесетін футуристік пейзажымен танымал.
Карелиядағы Воттоваара тауының басында орналасқан Құдық туристік нысаны. Воттоваара тауы – бірегей геологиялық ескерткіш. Воттоваара Батыс Карель тауының ең биік нүктесі болып саналады. Нақты биіктігі – 417,3 метр, ал аумағы алты шаршы километрге жуықтайды. Бұл жұмбақ аймақ таңғажайып тастар, құпиялы жартастар және ағаштар жиі кездесетін футуристік пейзажымен танымал. - Sputnik Қазақстан
3/13
Карелиядағы Воттоваара тауының басында орналасқан "Құдық" туристік нысаны. Воттоваара тауы – бірегей геологиялық ескерткіш. Воттоваара Батыс Карель тауының ең биік нүктесі болып саналады. Нақты биіктігі – 417,3 метр, ал аумағы алты шаршы километрге жуықтайды. Бұл жұмбақ аймақ таңғажайып тастар, құпиялы жартастар және ағаштар жиі кездесетін футуристік пейзажымен танымал.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin / Медиабанкке өтуАлтайдағы Кырсай мүйісін адам аяғы баспаған жер деп атауға болады. Ол Телецк көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Бұл елсіз жер және мұнда ағаш атаулы мүлде жоқ, тек анда-санда бұталар мен жартылай құрғақ шөптерді кездестіруге болады. Мұнда үнемі қатты жел соғып тұрады. Ауа-райы өте құбылмалы: жаңа ғана жарқырап тұрған күннің бетін әп-сәтте қою қара бұлт жабуы мүмкін. Кейбіреулер көлдің түбінде "өлілер орманы" бар екеніне сенеді.
Алтайдағы Кырсай мүйісін адам аяғы баспаған жер деп атауға болады. Ол Телецк көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Бұл елсіз жер және мұнда ағаш атаулы мүлде жоқ, тек анда-санда бұталар мен жартылай құрғақ шөптерді кездестіруге болады. Мұнда үнемі қатты жел соғып тұрады. Ауа-райы өте құбылмалы: жаңа ғана жарқырап тұрған күннің бетін әп-сәтте қою қара бұлт жабуы мүмкін. Кейбіреулер көлдің түбінде өлілер орманы бар екеніне сенеді.  - Sputnik Қазақстан
4/13
Алтайдағы Кырсай мүйісін адам аяғы баспаған жер деп атауға болады. Ол Телецк көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан. Бұл елсіз жер және мұнда ағаш атаулы мүлде жоқ, тек анда-санда бұталар мен жартылай құрғақ шөптерді кездестіруге болады. Мұнда үнемі қатты жел соғып тұрады. Ауа-райы өте құбылмалы: жаңа ғана жарқырап тұрған күннің бетін әп-сәтте қою қара бұлт жабуы мүмкін. Кейбіреулер көлдің түбінде "өлілер орманы" бар екеніне сенеді.
© Sputnik / Alexandr Kryazhev / Медиабанкке өтуЖергілікті тұрғындар Телецк көлін "Алтынкөл" деп атайды. Аңыз бойынша ерте заманда Алтайда ашаршылық болған. Сонда бір алтайлық азаматтың қолында бір үлкен алтын құйма болыпты. Бірақ бүкіл Алтайды шарлап шықса да, алтынына ештеңе сатып ала алмаған. Аштық жанын қинаған әлгі азамат ашуланып, құйманы көлге лақтырып, өзі соның толқынынан ажал құшыпты. Содан бері алтайлықтар бұл көлді "Алтынкөл" деп атайды. Суретте: Алтай табиғи биосфера қорығы.
Жергілікті тұрғындар Телецк көлін Алтынкөл деп атайды. Аңыз бойынша ерте заманда Алтайда ашаршылық болған. Сонда бір алтайлық азаматтың қолында бір үлкен алтын құйма болыпты. Бірақ бүкіл Алтайды шарлап шықса да, алтынына ештеңе сатып ала алмаған. Аштық жанын қинаған әлгі азамат ашуланып, құйманы көлге лақтырып, өзі соның толқынынан ажал құшыпты. Содан бері алтайлықтар бұл көлді Алтынкөл деп атайды. Суретте: Алтай табиғи биосфера қорығы.  - Sputnik Қазақстан
5/13
Жергілікті тұрғындар Телецк көлін "Алтынкөл" деп атайды. Аңыз бойынша ерте заманда Алтайда ашаршылық болған. Сонда бір алтайлық азаматтың қолында бір үлкен алтын құйма болыпты. Бірақ бүкіл Алтайды шарлап шықса да, алтынына ештеңе сатып ала алмаған. Аштық жанын қинаған әлгі азамат ашуланып, құйманы көлге лақтырып, өзі соның толқынынан ажал құшыпты. Содан бері алтайлықтар бұл көлді "Алтынкөл" деп атайды. Суретте: Алтай табиғи биосфера қорығы.
© Depositphotos.com / Irinabal18Солтүстік Оралдағы Дятлов асуы - Ресейдегі ең жұмбақ орындардың бірі. 1959 жылдың ақпан айының басында бесінші курс студенті Игорь Дятлов бастаған тоғыз туристен тұратын топ Холатчахль тауының маңында түгелдей қайтыс болды. Мерт болғандар жыртылған шатырдан бір жарым километр жерден табылды. Олардың қалай өлгенін анықтау мүмкін болмағандықтан, құпия өлім туралы түрлі аңыз пайда болды. Суретте: туристер Дятлов асуынан түсіп келе жатыр.
Солтүстік Оралдағы Дятлов асуы - Ресейдегі ең жұмбақ орындардың бірі. 1959 жылдың ақпан айының басында бесінші курс студенті Игорь Дятлов бастаған тоғыз туристен тұратын топ Холатчахль тауының маңында түгелдей қайтыс болды. Мерт болғандар жыртылған шатырдан бір жарым километр жерден табылды. Олардың қалай өлгенін анықтау мүмкін болмағандықтан, құпия өлім туралы түрлі аңыз пайда болды. Суретте: туристер Дятлов асуынан түсіп келе жатыр.  - Sputnik Қазақстан
6/13
Солтүстік Оралдағы Дятлов асуы - Ресейдегі ең жұмбақ орындардың бірі. 1959 жылдың ақпан айының басында бесінші курс студенті Игорь Дятлов бастаған тоғыз туристен тұратын топ Холатчахль тауының маңында түгелдей қайтыс болды. Мерт болғандар жыртылған шатырдан бір жарым километр жерден табылды. Олардың қалай өлгенін анықтау мүмкін болмағандықтан, құпия өлім туралы түрлі аңыз пайда болды. Суретте: туристер Дятлов асуынан түсіп келе жатыр.
© Photo : Pixabay / Strikozec2019 жылы Бас прокуратура қайта тергеу жүргізіп, туристер қар көшкінінің салдарынан қаза тапты деген қорытындыға келді. Шатырдан қатты ұзап кеткен туристер шатырды қайта таба алмаған. Алайда қаза тапқандардың туыстары мен жақындары бұл қорытындымен әлі де келісе алмай отыр. Суретте: Дятлов асуы.
2019 жылы Бас прокуратура қайта тергеу жүргізіп, туристер қар көшкінінің салдарынан қаза тапты деген қорытындыға келді. Шатырдан қатты ұзап кеткен туристер шатырды қайта таба алмаған. Алайда қаза тапқандардың туыстары мен жақындары бұл қорытындымен әлі де келісе алмай отыр. Суретте: Дятлов асуы. - Sputnik Қазақстан
7/13
2019 жылы Бас прокуратура қайта тергеу жүргізіп, туристер қар көшкінінің салдарынан қаза тапты деген қорытындыға келді. Шатырдан қатты ұзап кеткен туристер шатырды қайта таба алмаған. Алайда қаза тапқандардың туыстары мен жақындары бұл қорытындымен әлі де келісе алмай отыр. Суретте: Дятлов асуы.
CC BY-SA 4.0 / Edward YS / Комплекс зданий психиатрической больницы Алленберга: Знаменск, Гвардейский район, Калининградская областьҚараусыз қалған Алленберг психиатриялық ауруханасы Калининград облысындағы Знаменск қаласында орналасқан. Ол 1852 жылдан 1940 жылға дейін жұмыс істеді. 1940 жылы мұндағы науқастарға не болғаны туралы қоғамда түрлі нұсқа бар.
Қараусыз қалған Алленберг психиатриялық ауруханасы Калининград облысындағы Знаменск қаласында орналасқан. Ол 1852 жылдан 1940 жылға дейін жұмыс істеді. 1940 жылы мұндағы науқастарға не болғаны туралы қоғамда түрлі нұсқа бар.  - Sputnik Қазақстан
8/13
Қараусыз қалған Алленберг психиатриялық ауруханасы Калининград облысындағы Знаменск қаласында орналасқан. Ол 1852 жылдан 1940 жылға дейін жұмыс істеді. 1940 жылы мұндағы науқастарға не болғаны туралы қоғамда түрлі нұсқа бар.
© Photo : Instagram / Sergey ShandinБір нұсқа бойынша, науқастар ішінара басқа мекемелерге, ішінара өз отбасыларына қайтарылған. Ал тағы бір нұсқа бойынша, фашистік идеология бойынша психикалық дертке шалдыққандардың көзі жойылды. Себебі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұнда СС әскерлері орналасқан.
Бір нұсқа бойынша, науқастар ішінара басқа мекемелерге, ішінара өз отбасыларына қайтарылған. Ал тағы бір нұсқа бойынша, фашистік идеология бойынша психикалық дертке шалдыққандардың көзі жойылды. Себебі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұнда СС әскерлері орналасқан.  - Sputnik Қазақстан
9/13
Бір нұсқа бойынша, науқастар ішінара басқа мекемелерге, ішінара өз отбасыларына қайтарылған. Ал тағы бір нұсқа бойынша, фашистік идеология бойынша психикалық дертке шалдыққандардың көзі жойылды. Себебі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мұнда СС әскерлері орналасқан.
CC BY-SA 4.0 / Alphatetia / Вид на мыс Рытый / Cropped imageБайкөл көліндегі Рытый мүйісі туралы бүгінгі күнге дейін жеткен аңыз бойынша мүйісті әлі күнге дейін көлдің ежелгі рухтары қорғайтын көрінеді. Мұндағы табиғат құбылыстары көңілге күдік, бойға үрей ұялатады. Мысалы, мұнда жерге жиі найзағай түседі, жыл сайын көл жағасында мұзда жарықшақ пайда болып, көліктер мұз астына кетіп, техника бұзылады.
Байкөл көліндегі Рытый мүйісі туралы бүгінгі күнге дейін жеткен аңыз бойынша мүйісті әлі күнге дейін көлдің ежелгі рухтары қорғайтын көрінеді. Мұндағы табиғат құбылыстары көңілге күдік, бойға үрей ұялатады. Мысалы, мұнда жерге жиі найзағай түседі, жыл сайын көл жағасында мұзда жарықшақ пайда болып, көліктер мұз астына кетіп, техника бұзылады.  - Sputnik Қазақстан
10/13
Байкөл көліндегі Рытый мүйісі туралы бүгінгі күнге дейін жеткен аңыз бойынша мүйісті әлі күнге дейін көлдің ежелгі рухтары қорғайтын көрінеді. Мұндағы табиғат құбылыстары көңілге күдік, бойға үрей ұялатады. Мысалы, мұнда жерге жиі найзағай түседі, жыл сайын көл жағасында мұзда жарықшақ пайда болып, көліктер мұз астына кетіп, техника бұзылады.
© Sputnik / Vladimir SmirnovБайкөл көліндегі мистикалық Ольхон аралы. Хобой мүйісі, Рытый мүйісі (сол жақта) және Әулие мұрын түбегі (оң жақта). Бұл Байкөл көлінің солтүстік бөлігінің көрінісі.
Байкөл көліндегі мистикалық Ольхон аралы. Хобой мүйісі, Рытый мүйісі (сол жақта) және Әулие мұрын түбегі (оң жақта). Бұл Байкөл көлінің солтүстік бөлігінің көрінісі.  - Sputnik Қазақстан
11/13
Байкөл көліндегі мистикалық Ольхон аралы. Хобой мүйісі, Рытый мүйісі (сол жақта) және Әулие мұрын түбегі (оң жақта). Бұл Байкөл көлінің солтүстік бөлігінің көрінісі.
© Sputnik / Alexey Malgavko / Медиабанкке өтуДемерджидің оңтүстік жотасының батыс беткейіндегі елестер алқабы – бұл пішіні қызықты жартастар шоғырланған орын. Алқап Қырымдағы Алуштаға жақын жерде орналасқан. Тек осы жерден ғана Броккен елесін кездестіре аласыз. Бұл адам көлеңкесі Күн бағытында бұлттардың (тұманның) бетінде пайда болатын құбылыс.
Демерджидің оңтүстік жотасының батыс беткейіндегі елестер алқабы – бұл пішіні қызықты жартастар шоғырланған орын. Алқап Қырымдағы Алуштаға жақын жерде орналасқан. Тек осы жерден ғана Броккен елесін кездестіре аласыз. Бұл адам көлеңкесі Күн бағытында бұлттардың (тұманның) бетінде пайда болатын құбылыс. - Sputnik Қазақстан
12/13
Демерджидің оңтүстік жотасының батыс беткейіндегі елестер алқабы – бұл пішіні қызықты жартастар шоғырланған орын. Алқап Қырымдағы Алуштаға жақын жерде орналасқан. Тек осы жерден ғана Броккен елесін кездестіре аласыз. Бұл адам көлеңкесі Күн бағытында бұлттардың (тұманның) бетінде пайда болатын құбылыс.
CC BY-SA 3.0 / Сергій Криниця (Haidamac) / Laspy Rocks Devil Fingers Sev-11"Күн ғибадатханасы" жартасты жоталары Қырымның оңтүстік шетіндегі танымал жердің бірі болып саналады. Мұнда алып гүлдің жапырақшалары тәрізді жеті үлкен қойтас бар. Бұл табиғи түзіліс пе, әлде жасанды түрде салынған нысан ба, ол туралы күні бүгінге дейін нақты пікір жоқ.
Күн ғибадатханасы жартасты жоталары Қырымның оңтүстік шетіндегі танымал жердің бірі болып саналады. Мұнда алып гүлдің жапырақшалары тәрізді жеті үлкен қойтас бар. Бұл табиғи түзіліс пе, әлде жасанды түрде салынған нысан ба, ол туралы күні бүгінге дейін нақты пікір жоқ. - Sputnik Қазақстан
13/13
"Күн ғибадатханасы" жартасты жоталары Қырымның оңтүстік шетіндегі танымал жердің бірі болып саналады. Мұнда алып гүлдің жапырақшалары тәрізді жеті үлкен қойтас бар. Бұл табиғи түзіліс пе, әлде жасанды түрде салынған нысан ба, ол туралы күні бүгінге дейін нақты пікір жоқ.
Жаңалықтар
0