https://sputnik.kz/20220104/Toaev-mlmdeme-video-19049056.html
"Бұл – өрескел қылмыстық әрекет": Тоқаев мәлімдеме жасады - видео
"Бұл – өрескел қылмыстық әрекет": Тоқаев мәлімдеме жасады - видео
Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T23:40+0500
2022-01-04T23:40+0500
2022-02-02T09:48+0500
қоғам
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қасым-жомарт тоқаев
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0e/18414004_0:28:3252:1866_1920x0_80_0_0_ca985860e857cbfaa9bf60bed423d3bf.jpg
НҰР-CҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін тағы бір рет еске салды.Маңғыстаудағы наразылықЕске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0e/18414004_0:0:3252:2045_1920x0_80_0_0_fa18269da43d910ae3a41471049a93f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, қасым-жомарт тоқаев
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, қасым-жомарт тоқаев
"Бұл – өрескел қылмыстық әрекет": Тоқаев мәлімдеме жасады - видео
23:40 04.01.2022 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады
НҰР-CҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды арандатушылыққа берілмеуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек", - деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші қаңтарда осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтетінін тағы бір рет еске салды.
"Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін, сіздердің амандықтарыңыз бен еліміздің тұтас қазіргі жағдайы осыған байланысты", - деп түйіндеді Тоқаев.
Еске сала кетсек, екінші қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Ақтөбе әкімдігі де наразылық білдіргендердің екі талабы - митинг барысында қамауға алынғандар босатылып, сұйылтылған газ бағасы 50 теңгеге дейін арзандатылғанын хабарлады.