Оқиға

"Теңізшевройл" компаниясы жұмысшылардың ереуілге шыққанын растады

© Photo : КТК КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России
 КТК – трубопроводный нефтепровод Тенгиз–Новороссийск, действующий на территории Казахстана и России - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Маңғыстаудағы бейбіт митингілерді қолдау үшін бірқатар қосалқы мердігер ұйым қызметкерлері ереуілге шықты
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі Теңіз кен орнына бірнеше қосалқы мердігер ұйымдардың жұмысшылары Маңғыстау облысы тұрғындарын қолдау мақсатында жиналғаны туралы ақпаратты растады.
Маңғыстау облысының бірнеше өңірінде сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты азаматтар наразылыққа шықты.
"Теңізшевройл" нақты қанша адамның жұмыс орнын тастап, маңғыстаулықтарға қолдау көрсетуге жиналғанын атамады.
"Теңізшевройл" ЖШС Маңғыстау облысындағы бейбіт митингтерге қолдау білдіру үшін Теңіз кен орнында қосалқы мердігер ұйымдардың біраз қызметкері жиналғанынан хабардар. Теңізшевройлдың еңбек қатынастары жөніндегі мамандары мен мердігер ұйымдар бұл жағдайды тез арада реттеу үшін бірлесіп жұмыс істеп жатыр. ТШО-ның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі.
"Теңізшевройл" мердігерлермен тығыз қарым-қатынас орнатуға көмектесетін өндірістік қатынастар бағдарламасы бар екенін атап өтті.
"Өндірістік қатынастар бөлімінің өкілдері мердігер ұйымдармен кездесулерге үнемі қатысады және тез шешуді талап ететін туындаған мәселелерді анықтайды", - деп толықтырды компания.
Сондай-ақ "Теңізшевройл" азаматтардан ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуді сұрады.
Жаңалықтар
0