https://sputnik.kz/20220104/Narazylyk-bildirushiler-Aktau-19043793.html
Наразылық білдірушілер Ақтаудың орталық алаңында киіз үй тікті – видео
Наразылық білдірушілер Ақтаудың орталық алаңында киіз үй тікті – видео
Sputnik Қазақстан
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев наразылық білдірушілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды 04.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-04T09:47+0500
2022-01-04T09:47+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
митинг
киіз үй
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
видео
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/01/03/19041713_0:1:3637:2047_1920x0_80_0_0_7cceb8b704cf8cf142de59acec35e91b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Газ бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау тұрғындары Ынтымақ алаңында киіз үй құрды. Бұл әрекет наразылық білдірушілердің жылынуы үшін жасалған болуы керек. Өйткені түнде қалада ауа температурасы төмендеді.3 қаңтарда кешкі сағат тоғыздар шамасында алаңға жүздеген адам жиналды. Олардың нақты санын айту қиын, деп жазды жергілікті lada.kz.Сағат он бір шамасында алаңға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Ол газ бағасымен келіспейтін жұртшылықпен кездесті."Нұрлан Ноғаев президент тапсырмасымен газ бағасын төмендету бойынша үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында өңірдегі жанар-жағар май станциялары газ бағасын 128 теңгеден 85-90 теңгеге төмендету жөнінде шешім қабылдады. Нұрлан Ноғаев бәсекелестікті дамыту мен қорғау агенттігі бағаны негізсіз көтеру жөнінде келісім жасаған жанар-жағар май станциясы иелерін әшкерелеуді қолға алғандығын жеткізді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Сонымен қатар аймақ басшысы наразылық білдірушілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды. "Кез-келген мәселені мәмілеге келу арқылы шешуге болады", - деді ол.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/03/19041713_453:0:3184:2048_1920x0_80_0_0_8092ad29a013f80f742dcf3f3e299731.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, киіз үй, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, ақтау
митинг, киіз үй, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты, ақтау
Наразылық білдірушілер Ақтаудың орталық алаңында киіз үй тікті – видео
09:47 04.01.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев наразылық білдірушілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар – Sputnik. Газ бағасын төмендетуді талап еткен Ақтау тұрғындары Ынтымақ алаңында киіз үй құрды. Бұл әрекет наразылық білдірушілердің жылынуы үшін жасалған болуы керек. Өйткені түнде қалада ауа температурасы төмендеді.
3 қаңтарда кешкі сағат тоғыздар шамасында алаңға жүздеген адам жиналды. Олардың нақты санын айту қиын, деп жазды жергілікті
lada.kz.
Сағат он бір шамасында алаңға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келді. Ол газ бағасымен келіспейтін жұртшылықпен кездесті.
"Нұрлан Ноғаев президент тапсырмасымен газ бағасын төмендету бойынша үкімет қабылдаған шараларды түсіндірді. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында өңірдегі жанар-жағар май станциялары газ бағасын 128 теңгеден 85-90 теңгеге төмендету жөнінде шешім қабылдады. Нұрлан Ноғаев бәсекелестікті дамыту мен қорғау агенттігі бағаны негізсіз көтеру жөнінде келісім жасаған жанар-жағар май станциясы иелерін әшкерелеуді қолға алғандығын жеткізді", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар аймақ басшысы наразылық білдірушілерді қоғамдық тәртіпті сақтауға, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.
"Кез-келген мәселені мәмілеге келу арқылы шешуге болады", - деді ол.