Қоғам

Алматыда лото-клуб күзетшісіне оқ атқан қарақшылар елордада ұсталды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуФишки казино
Фишки казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2022
Жазылу
Тапаншасы бар Түркістан облысының екі тұрғыны мереке қарсаңында Алматыда екі тонау әрекетін жасап, елордаға қашып кеткен
АЛМАТЫ, 4 қаңтар – Sputnik. Алматылық жедел уәкілдер жаңа жыл қарсаңында шетелдік азамат пен лото-клубқа шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады.
Олар травматикалық тапаншадан бір адамды жарақаттаған. Күдіктілердің жеке басын анықтау жұмыстары бірнеше күнге созылды.
Қарулы шабуыл жасағаны үшін Түркістан облысының 27 жастағы екі тұрғыны ұсталды, олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайы Polisia.kz.
"Екі күдіктінің Алматыда Жаңа жыл қарсаңында Үндістан азаматын тонап, лото-клубқа шабуыл жасағаны анықталды. Екі жағдайда да шабуылдаушылар травматикалық тапанша қолданған. Шетелдікке шабуыл жасап қарақшылар ұялы телефоны мен қалтасындағы ақшасын иемденіп алған. Ал лото-клубқа шабуыл жасап, екі миллион теңгені қолды қылған", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ олар лото-клубқа шабуыл жасаған кезде қарақшыларға қарсы тұруға тырысқан күзетшіге оқ атқан. Ер адам ауруханаға түсті.
Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатовтың айтуынша, бірқатар қылмысты ашу үшін арнайы құрылған жедел-тергеу тобы күдіктілердің жеке басын анықтады.
Олардың артынша қаладан шығып, Нұр-Сұлтанға бет алғаны анықталды. Олар сол жерде ұсталды.
"Сондай-ақ ұсталғандардың Алматы облысы Қарасай ауданы аумағында лото-клубты тонауға қатысы бар екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды. Олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Науатов.
Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0