https://sputnik.kz/20220103/ministrlik-gaz-baga-19042261.html
Министрлік газ бағасын көтеруді түсіндіру жұмысы сәтсіз болғанын мойындады
Министрлік газ бағасын көтеруді түсіндіру жұмысы сәтсіз болғанын мойындады
Sputnik Қазақстан
Мырзағалиев энергетика министрлігінің басшысы қызметін шамамен үш ай атқарса да, болып жатқан жағдай үшін өзінің жауапкершілігін сезінетінін мойындады 03.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-03T19:53+0500
2022-01-03T19:53+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/1266/58/12665861_0:0:2048:1159_1920x0_80_0_0_fe9b820599934927e006952beeec86a2.jpg
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев газ бағасын көтеру кезінде халықпен түсіндіру жұмысын жүргізуде олқылықтар болғанын мойындады.Мырзағалиев Энергетика министрлігінің басшысы қызметін шамамен үш ай атқарса да, болып жатқан жағдай үшін өзінің жауапкершілігін сезінетінін мойындады."Бұл жолы мен Жаңаөзенде болмадым. Кеше мен бірден вице-министрді жібердім, ол сол жерде кездесіп, зауытпен, желі иелерімен және т.б. жұмыс істеді. Мен өз жауапкершілігімді сезінемін, өзім басқаратын сала үшін жауапкершілікті сезінбесем, қалай министр бола аламын. Энергетика министрлігін үш айға жуық басқарсам да, мен өз жауапкершілігімді түсінемін", - деді ол.Сондай-ақ, министр бағаны 85-90 теңгеге дейін төмендету – бұл үкімет шешімі емес, бизнесмендердің бастамасы екенін атап өтті.Бұған дейін Мырзағалиев ведомство өкілдері митингіге қатысушылармен неге кеш кездескенін түсіндірді.Бір тәулік бойы тұрғындар талабына жауап ретінде ведомствоның ұстанымы пысықталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1266/58/12665861_0:0:2048:1289_1920x0_80_0_0_93ca4630c0e625787c85f300300c540e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Министрлік газ бағасын көтеруді түсіндіру жұмысы сәтсіз болғанын мойындады
19:53 03.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мырзағалиев энергетика министрлігінің басшысы қызметін шамамен үш ай атқарса да, болып жатқан жағдай үшін өзінің жауапкершілігін сезінетінін мойындады
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев газ бағасын көтеру кезінде халықпен түсіндіру жұмысын жүргізуде олқылықтар болғанын мойындады.
"Халықпен түсіндіру жұмысында кемшіліктер болды", - деді брифингте журналистің сұрағына жауап берген министр.
Мырзағалиев Энергетика министрлігінің басшысы қызметін шамамен үш ай атқарса да, болып жатқан жағдай үшін өзінің жауапкершілігін сезінетінін мойындады.
"Бұл жолы мен Жаңаөзенде болмадым. Кеше мен бірден вице-министрді жібердім, ол сол жерде кездесіп, зауытпен, желі иелерімен және т.б. жұмыс істеді. Мен өз жауапкершілігімді сезінемін, өзім басқаратын сала үшін жауапкершілікті сезінбесем, қалай министр бола аламын. Энергетика министрлігін үш айға жуық басқарсам да, мен өз жауапкершілігімді түсінемін", - деді ол.
Сондай-ақ, министр бағаны 85-90 теңгеге дейін төмендету – бұл үкімет шешімі емес, бизнесмендердің бастамасы екенін атап өтті.
"Бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді. Тиісті бастаманы кәсіпкерлер көтерді. Біз бизнес есебінен өртті сөндіріп отырған жоқпыз. Бұл олардың жеке бастамасы", - деп түйіндеді энергетика министрі.
Бұған дейін Мырзағалиев ведомство өкілдері митингіге қатысушылармен неге кеш кездескенін түсіндірді.
Бір тәулік бойы тұрғындар талабына жауап ретінде ведомствоның ұстанымы пысықталған.