Қоғам

Коронавирусқа қарсы ем 2003 жылы табылған: желідегі ақпаратқа түсініктеме берілді

© Photo : СС0 / Karolina Grabowska Газета
Газета - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Коронавирус және оны қалай емдеу туралы хабарлама 2003 жылы шыққан "Вестник ЗОЖ" газетінде жазылған
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Қазнетте коронавирусты қалай емдейтінін адамдар 2003 жылдан бері біледі, ол кезде патоген пандемия тудырмағанын дәлелдейтін бейнеролик таратылуда. 
Stopfake.kz бұл ем неге COVID-19-ға қарсы қауқарсыз екенін түсіндірді.
"Коронавирустар – бұл жүздеген вирустан тұратын үлкен топ. Оның жетеуі адамға жұғады. Осы жетеуінің төртеуі адамдар жыл сайын ауыратын тұмау тудырады. Қалған үшеуі – SARS, MERS және Sars-CoV-2 өлімге әкелуі мүмкін тыныс алу жолдарының ауыр ауруларына әкеледі", - деп жазды сайт.
Коронавирус және оны қалай емдеу туралы хабарлама 2003 жылы шыққан "Вестник ЗОЖ" газетінде жазылған. Ол кезде тараған коронавирустардың бірі – SARS – ауыр жедел респираторлық синдром тудырған.
Ғалымдар ауруды емдеудің тиімді кестесін жасады, тіпті оған қарсы вакцина әзірлей бастады. Кейіннен бұл әзірлемелер COVID-19 қарсы вакциналардың негізіне алынды.
Сол жылдары жасалған және "Вестник ЗОЖ" газетінде сипатталған емдеу схемалары ғалымдарға 2019 жылдың соңында пайда болған SARS-CoV-2 коронавирусын жақсы түсінуге мүмкіндік бергенімен, оны COVID-19 емдеуде толық қолдануға болмайды.
"Демек, видеода көрсетілген "Вестник ЗОЖ" газетінде COVID-19 жайлы емес, 2003 жылы тараған SARS коронавирусынан туындаған ауыр жедел респираторлық синдром туралы айтылады", - делінген ақпаратта.
Сайт мәліметінше, бұл аурулар әртүрлі және оларды емдеу жолдары да өзгеше, сондықтан 2003 жылғы газеттен алынған ұсынымдарды COVID-19 емдеу үшін қолдану дұрыс емес.

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0