Қоғам

Энергетика министрлігі тұрғындар наразылығына неге кеш жауап берді

© Sputnik / Камшат АбдирайымМитинг в Актау
Митинг в Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Наразылық білдірушілердің талаптарына жауап ретіндегі ведомствоның ұстанымы бір тәулік бойы талқыланған
АЛМАТЫ, 3 қаңтар — Sputnik. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты Маңғыстау облысында болған митингілерге түсініктеме берді.
Ол ведомство өкілдері неге жұртшылықпен бүгін ғана кездескенін түсіндірді.
"Жаңаөзен, Маңғыстаудан хабар жеткен соң менің орынбасарым, вице-министр бірден өңірге аттанды. Ол мәселені шешу үшін жанар-жағармай құю стансалары иелерімен кездесті", - деді Мырзағалиев.
Ол сондай-ақ журналистердің ведомство неліктен жағдайға байланысты бір тәуліктен кейін ғана мәлімдеме жасады деген сұрағына жауап берді.
"Тұрғындар алдына шығу үшін өз ұстанымымызды жеткізу керек болатын. Сол мәселені талқыладық", - деп жауап берді ол.
Жанармай желілермен әлеуметтік міндеттеме аясында маржаны бөлісуге дайын екені туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін кездесу ұйымдастырылды. Ол бүгін түстен кейін өтті, деп түйіндеді министр.
Жаңалықтар
0