Видео

Димаш тізімде жоқ: әлемнің ең тартымды адамдары анықталды – видео

Жазылу
Азияның ең тартымды адамы Димаш Құдайберген әлемдегі ең әдемі жүз ер адамның рейтингісіне ұсынылса да, 2017 жылғы жетістігін қайталай алмады
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері өткізіліп келе жатқан ең танымал әлемдік рейтингінің бірі 2021 жылғы дауыс беру нәтижелерін жариялады.
Биыл 2,5 миллионнан астам өтінім келіп түсті. Былтыр ең әдемі ерлер мен әйелдердің рейтингісіне қатысуға өтінімдер он есе аз түскен, барлығы екі жүз алпыс мың еді.
Ұйымдастырушылар тіпті бәрін ұсына алмағаны үшін кешірім сұрады. Өйткені "шағын" тізімнің өзіне 800 үміткер енген. 2017 және 2018 жылдары рейтингте болып, осы күзде Азиядағы ең тартымды адам атағын жеңіп алған Димаш Құдайберген де жершарының ең әдемі адамдары атағына үміткерлер қатарында болды.
Сонымен қатар, үміткерлер қатарынан ең тартымды спортшы Сабина Алтынбекова және Ninety One тобының мүшесі Азамат Ашмақын да табылды. Алайда олар әлемдік жүздікте жоқ.
Әлемдегі ең келбетті жігіттер мен хас сұлу атағына кімдер ие болғанын видеодан көре аласыз.
Жаңалықтар
0