https://sputnik.kz/20220103/Tokaev-Zhanaozen-miting-19039284.html
Президент Жаңаөзендегі митингке қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Президент Жаңаөзендегі митингке қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Президент азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты 03.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-03T08:17+0500
2022-01-03T08:17+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
жаңаөзен
митинг
газ
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0b/16266408_0:0:2737:1540_1920x0_80_0_0_2e994373565758196bd8b5398999e390.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берді. Сондай-ақ мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты."Бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деді президент.Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда видеоүндеу жолдаған Жаңаөзен тұрғындары өңірде газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттағанын мәлімдеді. Олар ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.Жергілікті тұрғындар Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен басшысы Мақсат Ибағаровқа бейнеүндеу жолдады.Жаңаөзендіктердің айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "көгілдір" отын бағасы күрт – 120 теңгеге дейін өскен.Оқи отырыңыз:
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0b/16266408_6:0:2737:2048_1920x0_80_0_0_17d6f1a911be52f461cc5c0922208fa7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жаңаөзен, митинг, газ, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
қасым-жомарт тоқаев, жаңаөзен, митинг, газ, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Президент Жаңаөзендегі митингке қатысты үкіметке шұғыл тапсырма берді
08:17 03.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, үкіметке тапсырма берді.
"Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", - деп жазды ол Twitter-де.
Сондай-ақ мемлекет басшысы азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты.
"Бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек", - деді президент.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда видеоүндеу жолдаған Жаңаөзен тұрғындары өңірде газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттағанын мәлімдеді. Олар ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Жергілікті тұрғындар Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен басшысы Мақсат Ибағаровқа бейнеүндеу жолдады.
Жаңаөзендіктердің айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "көгілдір" отын бағасы күрт – 120 теңгеге дейін өскен.