https://sputnik.kz/20220103/Asqar-Mamin-Janaozen-malimdeme-19040190.html
Асқар Мамин Жаңаөзендегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Асқар Мамин Жаңаөзендегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Президенттің тапсырмасымен үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды, деп мәлімдеді Асқар Мамин 03.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-03T13:30+0500
2022-01-03T13:30+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
асқар мамин
жаңаөзен
мәлімдеме
қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
https://sputnik.kz/img/1280/78/12807813_106:-1:2976:1623_1920x0_80_0_0_39e50eaef5c1dd51d98d46703b6fa127.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды үкімет сайты.Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автокөлікке жанар-жағармай құю стансалары иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу бастады.Баға дәлізін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және алыпсатарлардың газ бағасын көтеруіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылады.Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.Жаңаөзенде не болып жатыр2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары көшеге шығып, билікке бейнеүндеу жолдады. Олар өңірде газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттағанын мәлімдеді. Осыған байланысты жаңаөзендіктер ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.Энергетика министрлігі газдың неге қымбаттағанын түсіндірді. Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйылтылған мұнай газының (СМГ) саудасы тауар биржаларына 100% көшірілген. Бұл нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай тудырады және сұйылтылған мұнай газының қажетті көлемін өндірушілерден тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы митинг: шенеуніктер газ бағасының қымбаттау себебін түсіндірді20-24 желтоқсан аралығында электронды сауда алаңында бес сауда сессиясы өтіп, сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйылтылған мұнай газының бағасы қалыптасты. Осылайша Маңғыстау облысына сұйылтылған газ жеткізудің қаңтардағы орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады.Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында бөлшек сауда бағасы 100-120 теңге/литр болды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Тоқаев шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін мәлімдеді.Сондай-ақ президент азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1280/78/12807813_250:-1:2832:1623_1920x0_80_0_0_8d8183341eab76372065c32fe2564861.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
асқар мамин, жаңаөзен, мәлімдеме, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
асқар мамин, жаңаөзен, мәлімдеме, қазақстан-2022: газ бағасына наразы халық көшеге шықты
Асқар Мамин Жаңаөзендегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
13:30 03.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президенттің тапсырмасымен үкімет Жаңаөзен қаласындағы жағдайға қатысты шаралар қабылдайды, деп мәлімдеді Асқар Мамин
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды үкімет
сайты. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі автокөлікке жанар-жағармай құю стансалары иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеу бастады.
"Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.
Баға дәлізін белгілеу арқылы бағаның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің және алыпсатарлардың газ бағасын көтеруіне жол бермеудің жүйелі шаралары жүзеге асырылады.
Үкімет, Маңғыстау облысының әкімдігі прокуратура органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.
Жаңаөзенде не болып жатыр
2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары көшеге шығып, билікке бейнеүндеу жолдады. Олар өңірде газ бағасы 120 теңгеге дейін қымбаттағанын мәлімдеді. Осыған байланысты жаңаөзендіктер ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес бағаны 60 теңгеге дейін төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі газдың неге қымбаттағанын түсіндірді. Ведомство мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйылтылған мұнай газының (СМГ) саудасы тауар биржаларына 100% көшірілген. Бұл нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай тудырады және сұйылтылған мұнай газының қажетті көлемін өндірушілерден тікелей сатып алуға мүмкіндік береді.
20-24 желтоқсан аралығында электронды сауда алаңында бес сауда сессиясы өтіп, сұраныс пен ұсыныс негізінде сұйылтылған мұнай газының бағасы қалыптасты. Осылайша Маңғыстау облысына сұйылтылған газ жеткізудің қаңтардағы орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады.
Бұл ретте Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында бөлшек сауда бағасы 100-120 теңге/литр болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырды. Тоқаев шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ президент азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар екендігін айтты.