Өңірлер

Петропавлда такси жүргізуші аязда қалған зейнеткерге көмектесті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуБездомная женщина у автобуса службы соцпомощи, фото из архива
Бездомная женщина у автобуса службы соцпомощи, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
91 жастағы қария жалғыз өзі тұрады және есте сақтау қабілетінен айырылған. Соған қарағанда, ол көшеге шығып, үйіне қалай қайту керек екенін ұмытып қалған
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар — Sputnik. Петропавлда жанашыр тұрғындар мен полиция есте сақтау қабілетінен айырылған қарияға көмектесті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қала тұрғыны таксист болып жұмыс істейтін күйеуі мен оның клиенті түнде тасжол бойында тоңып тұрған зейнеткерді көлікке мінгізіп, оны жеткізіп тастамақ болғанын әлеуметтік желіде жазды. Бұл күндері қалада шыңылтыр аяз болғанын атап өту керек.
Егде жастағы әйел үйінің мекенжайын есіне түсіре алмаған. Сол кезде такси жүргізуші полиция шақырған. Жазба авторы "Біз қарияға алаңдап отырмыз, оның жақын-туыстары табылды ма екен, білгіміз келеді" деген сөзбен видеоны аяқтаған.
Келесі күні жазба астында Петропавл полиция басқармасы жауап берді.
"Шақырту бойынша жеткен полиция қызметкерлері әжейдің жеке деректері мен мекенжайын анықтады. Полиция қызметкерлері оны пәтеріне дейін жеткізіп салды. Зейнеткер медициналық көмектен бас тартты", - деп жазды полицейлер.
91 жастағы  зейнеткер жалғыз өзі тұратыны және ол есте сақтау қабілетінен айырылғаны белгілі болды. Патрульдік полиция ол туралы учаскелік полицияға хабарлады. Енді учаскелік инспектор қарияны бақылап тұрады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0