Әлем

ЛХР Донбастағы мектепте әскер жиналғанын хабарлады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуУкраинские военнослужащие, архивное фото
Украинские военнослужащие, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
Мектеп ғимаратының жанында қарулы адамдар мінген, артиллериялық барлау аппаратуралары бар көптеген көлік көзге түскен
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Украина армиясы Донбастағы түйісу шебіне жақын орналасқан Валуйское ауылындағы мектепте атыс бекінісін жабдықтап жатыр, деп хабарлады РИА Новости өзін-өзі жариялаған Луганск Халық Республикасы халық милициясының ресми өкілі Иван Филипоненкоға сілтеме жасап.
"27 желтоқсанда украин ұлтшылдары басып алған бұл елді мекеннің мектебінде тактикалық бөлімшенің штабын өрістету және атыс бекінісін оқу сыныптарында жабдықтау жұмыстары өткен тәулікте жалғасын тапты", - деді ол.
Ведомство өкілінің айтуынша, ғимарат маңында қарулы адамдар мінген көптеген көлік, артиллериялық барлау аппаратуралары көзге түскен.
"Киевтің Валуйское ауылындағы орта мектеп ғимаратын жауынгерлік бөлімшенің штабын өрістету үшін және украин артиллериясының далалық атысты бақылау пунктін орналастыру үшін пайдалануы атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзу және халықаралық гуманитарлық құқықты айқын бұзу болып саналады", - деп түйіндеді Филипоненко.
Оқи отырыңыз: Назарбаев Қазақстан Қырымға қатысты дауыс беруден неге қалыс қалғанын түсіндірді 
Донбаста 2020 жылдың жазынан бастап уақытша бітім жасау үшін қосымша шаралар қабылданып келеді. Ол оқ атуға, елді мекендерде және оған жақын жерде қару-жарақ орналастыруға, шабуыл және барлау-диверсиялық әрекеттерге толық тыйым салуды көздейді. Сондай-ақ бекіністі жабдықтауға және түйісу шебіне жақын жерде ұшқышсыз аппараттарды пайдалануға тыйым салынған.
Жаңалықтар
0