Әлем

АҚШ-та мыңға жуық үй өртеніп кетті – видео

© REUTERS / ADREES LATIFЛесной пожар в Калифорнии
Лесной пожар в Калифорнии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2022
Жазылу
АҚШ-та өрттен кейін бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткендердің тізіміне енді
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Колорадо штатында орман өрті шарпыды.
Тілсіз жау штаттың бірқатар қаласында 1000-ға жуық тұрғын үйдің күлін көкке ұшырды. Үш адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады NDTV.
"Өкінішке қарай, үш адамның із-түзсіз жоғалып кеткені расталып отыр", - деп мәлімдеді Боулдер округінің шерифі Джо Пелле баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, жоғалғандарды іздеуге қирандылар мен қар кедергі келтірген.
"Бұл адамдар болуы мүмкін ғимараттар қазір толығымен қирап, шамамен сегіз дюйм (20 сантиметр – Sputnik) қар астында қалды", - деді шериф.
Өрт адамдарды үйін тастап кетуге мәжбүр етті. Видеоға қарағанда, көшелерде түтіндеп жатқан күл үйіндісінен басқа ештеңе жоқ.
Құрғақ ландшафта шыққан өрт округте өте жылдам таралғаны аталып өтті – желдің жылдамдығы 160 км/с-қа жетті.
Өрт салдарынан Сьюпериор және Луисвилл қалаларында кемінде 33 мың адам эвакуацияланды. Адамдар киім-кешегін ғана алып үлгерген.
Оқи отырыңыз: Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді 
Жаңалықтар
0