https://sputnik.kz/20220102/2022-zhyl-TMD-19037608.html
2022 жыл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы
2022 жыл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы
Sputnik Қазақстан
Оның аясында тарихи байланысты сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласында өзара іс-әрекеттестікті нығайтуға бағытталған 100-ден астам шара өткізіледі деп... 02.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-02T13:23+0500
2022-01-02T13:23+0500
2022-02-01T13:05+0500
мәдениет
2022 жыл
тмд
мәдени мұра
https://sputnik.kz/img/1135/50/11355046_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_aa33dbfdfc75f3928de00e5cc5af904a.png
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа келген 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялаған болатын.Оның айтуынша, мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтау және халықтардың одан әрі жақындасуында маңызды рөл атқарады.Елімізде өзіндік дәстүрлі халық қолөнері бар көп ұлт пен ұлыс тұрады. Барлық халық өткеннің мәдени мұрасын ғасырлар бойы қастерлеп сақтап келеді. Сондықтан халық шығармашылығы жылы Қазақстанның көпұлтты мәдениетімен және халық шығармашылығымен мейлінше көп адамды таныстырудың мүмкіндігі болып отыр.Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысында атап өткендей, халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы тарихи байланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласында өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған 100-ге жуық іс-шараны қамтиды.Оқи отырыңыз: "Жақсы жыл болады": Астролог 2022 жылға болжам ұсындыОның айтуынша, бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарды сапалы жүзеге асыру бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді.Бұл жастар ынтымақтастығы саласы, туризм саласы, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы үш стратегия жайлы болып отыр.Қазақстан ТМД-да төрағалық етеді2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) төрағалық етуді бастады. 2021 жылы ТМД-ға Беларусь төрағалық етті. Осы жылдың қазанында Қазақстан астанасында Достастыққа мүше мемлекеттердің басшылары бас қосады деп күтілуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1135/50/11355046_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1ecb422d5a02e959cd2774f0f11477bd.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022 жыл, тмд, мәдени мұра
2022 жыл, тмд, мәдени мұра
2022 жыл – ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы
13:23 02.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Оның аясында тарихи байланысты сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласында өзара іс-әрекеттестікті нығайтуға бағытталған 100-ден астам шара өткізіледі деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа келген 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялаған болатын.
Оның айтуынша, мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтау және халықтардың одан әрі жақындасуында маңызды рөл атқарады.
Елімізде өзіндік дәстүрлі халық қолөнері бар көп ұлт пен ұлыс тұрады. Барлық халық өткеннің мәдени мұрасын ғасырлар бойы қастерлеп сақтап келеді. Сондықтан халық шығармашылығы жылы Қазақстанның көпұлтты мәдениетімен және халық шығармашылығымен мейлінше көп адамды таныстырудың мүмкіндігі болып отыр.
Тоқаев ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысында атап өткендей, халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы тарихи байланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласында өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған 100-ге жуық іс-шараны қамтиды.
Оның айтуынша, бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарды сапалы жүзеге асыру бұл саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал етеді.
Бұл жастар ынтымақтастығы саласы, туризм саласы, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы үш стратегия жайлы болып отыр.
Қазақстан ТМД-да төрағалық етеді
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) төрағалық етуді бастады. 2021 жылы ТМД-ға Беларусь төрағалық етті. Осы жылдың қазанында Қазақстан астанасында Достастыққа мүше мемлекеттердің басшылары бас қосады деп күтілуде.