Саясаткер, әртіс және модель: әлемнің ең сыйлы әйелдері рейтингіне кім енді – фото
Саясаткер, әртіс және модель: әлемнің ең сыйлы әйелдері рейтингіне кім енді – фото
Sputnik Қазақстан
Ұлыбританияның YouGov әлеуметтік институты ең құрметті ерлер мен әйелдердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бұл беделді тізімге нәзік жандылардың қайсысы... 01.01.2022, Sputnik Қазақстан
YouGov ғаламшардағы ең құрметті адамдардың рейтингін жыл сайын жаңартып отырады. Биыл оған танымал кино жұлдыздары, мемлекеттің бірінші тұлғалары, аты аңызға айналған спортшылар және басқа да көптеген танымал адам кірді.Бұл тізім әлемнің қырыққа жуық еліндегі 42 мың тұрғын арасында жүргізілген сауалнама негізінде дайындалды. Оларға "Замандастарыңыздың арасында кімді құрмет тұтасыз, кімге тамсанасыз?" деген сұрақ қойылды.Сауалнама қорытындысы бойынша ер адамдар арасындағы биылғы жылдың ең құрметті тұлғалары қатарында Владимир Путин, Джек Ма, Нарендра Моди, Лионель Месси, Илон Маск, Джеки Чан, Криштиану Роналду, Си Цзиньпин, Билл Гейтс және Барак Обама бар екені белгілі болды.Ал әйелдер арасында осы беделді тізімге кім енгенін суреттер топтамасынан біле аласыз.
Ұлыбританияның YouGov әлеуметтік институты ең құрметті ерлер мен әйелдердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Бұл беделді тізімге нәзік жандылардың қайсысы енгені туралы Sputnik суреттер топтамасында толығырақ
YouGov ғаламшардағы ең құрметті адамдардың рейтингін жыл сайын жаңартып отырады. Биыл оған танымал кино жұлдыздары, мемлекеттің бірінші тұлғалары, аты аңызға айналған спортшылар және басқа да көптеген танымал адам кірді.
Бұл тізім әлемнің қырыққа жуық еліндегі 42 мың тұрғын арасында жүргізілген сауалнама негізінде дайындалды. Оларға "Замандастарыңыздың арасында кімді құрмет тұтасыз, кімге тамсанасыз?" деген сұрақ қойылды.
Сауалнама қорытындысы бойынша ер адамдар арасындағы биылғы жылдың ең құрметті тұлғалары қатарында Владимир Путин, Джек Ма, Нарендра Моди, Лионель Месси, Илон Маск, Джеки Чан, Криштиану Роналду, Си Цзиньпин, Билл Гейтс және Барак Обама бар екені белгілі болды.
Ал әйелдер арасында осы беделді тізімге кім енгенін суреттер топтамасынан біле аласыз.
АҚШ-тың экс-бірінші ханымы Мишель Обама рейтингте бірінші орынды иеленді. Суретте: Обама Ақ үй қызметкерлеріне арналған жыл сайынғы акцияға қатысып жатыр.
Әлемдегі ең құрметті әйелдер тізіміндегі екінші орында актриса және режиссер Анджелина Джоли тұр. Суретте: Джоли "Берлинале-2012" 62-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде.
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета рейтингтің үшінші сатысына жайғасты. Суретте: король әулетінің өкілі одақтастардың Нормандияға аяқ басуына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсімді тамашалап отыр.
Әйгілі америкалық тележүргізуші Опра Уинфри де әлемдегі ең құрметті әйелдер тізіміне енді. Суретте: Лос-Анджелесте "Оскар" сыйлығын табыстаудан кейін өткен Губернатор балына қатысқан Уинфри.
Голливуд актрисасы Скарлетт Йоханссон YouGov рейтингінде бесінші орынға ие болды. Суретте: Йоханссон 76-шы Венеция халықаралық кинофестивалінде қызыл кілем үстінде суретке түсіп тұр.