Мәдениет

Тоқаев қазақтың бұлбұл әншісі туралы жазды

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол – "Халық Қаһарманы" атағын иеленген жалғыз әнші
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың күміс көмей әншісі Роза Бағланова туралы жазды.
"Бүгін қазақтың күміс көмей, бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды. Ол КСРО халық әртісі, сондай-ақ Қазақстанның "Халық Қаһарманы" атағына да ие болды", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
Айта кетері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова 1922 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. Ол жарты ғасыр бойы Қазақконцертте еңбек етіп, музыка өнеріне сүбелі үлес қосты.
Бүгін әнші Роза Рымбаева атаулы датаға байланысты жаңа челендж бастады.
Бұған дейін мемлекет басшысы танымал әнші Роза Бағланованың  атын тарихта қалдыру мақсатында тиісті шараларды қолға алуды тапсырған. Осыдан кейін Қазақконцертке Роза Бағланованың есімі берілді. Әншінің атымен ірі қалаларда бірнеше көше ашылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0