https://sputnik.kz/20220101/Toqaev-bank-zan-19035571.html
Тоқаев банктен кредит алғандарға қатысты заңға қол қойды
Тоқаев банктен кредит алғандарға қатысты заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Алматыдағы трагедиядан кейін президент екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын қайта қарастырып, заңға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын 01.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-01T13:33+0500
2022-01-01T13:33+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
банк
заң
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды. "Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.Заң жобасының негізгі бағыттары:Атқарушылық іс жүргізу деңгейінде борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығы беріледі. Бағасы 75 проценттен кем болмауы шарт. Аукционды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді.Оқи отырыңыз: "Өкінемін, не істегенімді түсінбедім": Алматыда 5 адамды өлтірген адамның соттағы сөзіБұдан бөлек, заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған.Айта кетері, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген бес адамды атып тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы көз жұмды.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес бірдей адамды атып тастаған борышкердің әрекетін ақтауға болмайтынын баса айтты. Себебі ондай дау-дамайлар тек құқықтық тәртіппен ғана шешілуі қажет. Алайда Тоқаев трагедияға себеп болған негізгі мәселелерді жан-жақты зерделеп, қажет болса, заңға өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, банк, заң
қасым-жомарт тоқаев, банк, заң
Тоқаев банктен кредит алғандарға қатысты заңға қол қойды
13:33 01.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматыдағы трагедиядан кейін президент екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын қайта қарастырып, заңға өзгерістер енгізуді тапсырған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Заң жобасының негізгі бағыттары:
- борышкерге кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуына мүмкіндік беру;
- кей жағдайларда кепіл берушіге кепіл нысанасын ауыстыруға мүмкіндік беру;
- пайдакүнемдік мақсаттардың туындауын болдырмау үшін кепіл ұстаушының және онымен аффилирленген тұлғалардың сатып алушы ретінде аукционға қатысуына тыйым салу.
Атқарушылық іс жүргізу деңгейінде борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығы беріледі. Бағасы 75 проценттен кем болмауы шарт. Аукционды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді.
Бұдан бөлек, заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған.
Айта кетері, 20 қыркүйекте Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген бес адамды атып тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы көз жұмды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес бірдей адамды атып тастаған борышкердің әрекетін ақтауға болмайтынын баса айтты. Себебі ондай дау-дамайлар тек құқықтық тәртіппен ғана шешілуі қажет. Алайда Тоқаев трагедияға себеп болған негізгі мәселелерді жан-жақты зерделеп, қажет болса, заңға өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.