https://sputnik.kz/20220101/Aqtau-auezhayy-politsiya-19036272.html
Ақтау әуежайында не болып жатыр – полиция ақпарат берді
Ақтау әуежайында не болып жатыр – полиция ақпарат берді
Sputnik Қазақстан
Барлық мемлекеттік орган аяғынан тік тұрды. Жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды 01.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-01T16:10+0500
2022-01-01T16:10+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
ақтау
әуежай
https://sputnik.kz/img/1386/27/13862731_0:0:2501:1414_1920x0_80_0_0_6aa8d2334c723d087e2b34714a1c72a5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Ақтаудағы халықаралық әуежай мен теңіз портында "бомба бар" деген ақпарат түскеннен кейін жолаушылардың бәрін қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.Қазіргі кезде жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.Айта кетері, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Ол шамамен 14,5 миллион теңге болады немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, я болмаса, осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Сондай-ақ осындай хабарламаның кесірінен келген барлық шығын өтеледі. Қылмысты кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасайтын болса, шығынды ата-анасы өтейді.Оқи отырыңыз: Ақтау әуежайындағы жолаушылар сыртқа шығарылды – рейстер кешігіп жатыр
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1386/27/13862731_0:0:2501:1572_1920x0_80_0_0_1605434bbe8be3f3b9817d829ac21a66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау, әуежай
Ақтау әуежайында не болып жатыр – полиция ақпарат берді
16:10 01.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Барлық мемлекеттік орган аяғынан тік тұрды. Жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Ақтаудағы халықаралық әуежай мен теңіз портында "бомба бар" деген ақпарат түскеннен кейін жолаушылардың бәрін қауіпсіз жерге көшіруге тура келді.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 1 қаңтарда "102" пультіне белгісіз біреуден Ақтау әуежайын миналап тастағаны туралы хабар түскен. Осыдан кейін барлық мемлекеттік орган аяғынан тік тұрды. Жолаушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды.
"Тексеріс кезінде жарылыс қаупі бар зат табылмады. Барлық нысанның жұмысы штаттық режимде қайта басталды", - деді көліктегі полиция мамандары Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазіргі кезде жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.
Айта кетері, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Ол шамамен 14,5 миллион теңге болады немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, я болмаса, осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.
14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Сондай-ақ осындай хабарламаның кесірінен келген барлық шығын өтеледі. Қылмысты кәмелеттік жасқа толмаған балалар жасайтын болса, шығынды ата-анасы өтейді.