Оқиға

Ақтау әуежайындағы жолаушылар сыртқа шығарылды – рейстер кешігіп жатыр

© Photo : StelaDiЧемодан, багаж
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2022
Жазылу
Эвакуация туралы ақпаратты ІІМ көліктегі полиция департаменті растады
НҰР-СҰЛТАН, 1 қаңтар – Sputnik. Куәгерлер Sputnik Қазақстанға Ақтау әуежайындағы адамдар эвакуацияланғанын хабарлады.
Жолаушылар Ақтаудан Алматыға сағат 13.40-та ұшуға тиіс болған. Бірақ адамдар эвакуацияланды. Қазіргі уақытта жолаушылар далада тұр.
Көліктегі полиция департаменті Sputnik Қазақстан тілшісіне ақпаратты растап, тексеріс жүріп жатқанын жеткізді.
Дереккөздің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.30-да Ақтау әуежайының ғимараты миналанғаны туралы жасырын қоңырау түскен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0