Қоғам

Қазақстандықтар не нәрсеге жиі шағымданатыны белгілі болды

© Sputnik / Владислав ВодневБайтерек, виды Нур-Султана
Байтерек, виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
Бір дерек бойынша Қазақстанда азаматтар көбіне сауда саласына шағымданса, тағы бір ақпарат көзіне сәйкес, медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтын көрінеді
 
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан — Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан тұрғындарының қандай қызметке көп көңілі толмайтынымен бөлісті.
Министрлік жүргізген анализге сәйкес, көбіне бөлшек сауда (12 571 шағым), тұрмыстық қызмет, электронды сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қаржы секторы, байланыс және әуе тасымалы қызметінде тұтынушылар құқығы бұзылады.
Алайда Сұлтанов тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет жүргізген әлеуметтік сауалнамада адамдар тіпті басқа салаға шағымданғанын жеткізді.
"Көңілі толмаушылық көрсеткіші көбіне сауда емес, медициналық қызмет саласында болып отыр. Наразылықтар бойынша екінші орында интернет-провайдерлер ұсынатын қызмет сапасы. Қазақстандықтар көбіне осы екі салаға шағымданатыны белгілі болды. Ал тұрғындардың ойынша үшінші орында муниципалды көлік саласы тұр", - деді министр әлеуметтік желіде.
Министрлік басшысы атап өткендей, соңғы жылдары қазақстандықтардың талабы да күшейе түскен. 2021 жылдың 11 айында комитетке 22 605 шағым түскен. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштен әлдеқайда көп. 2020 жылы 21 мыңға жуық адам шағымданған. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 7,5 мың деңгейінде болған.
"Шағым санының артуын тауар немесе қызмет сапасының нашарлағаны деп ойламаймын. Керісінше, наразылықтардың ұлғаюы адамдар тауар жеткізушілер және қызмет көрсетушілерден өздерін құрметтеуді талап ете бастағанын білдіріп тұр", - деп санайды Сұлтанов.
Сонымен қатар тұтынушылар жыл басында іске қосылған "Е-тұтынушы" жүйесі арқылы шағымдана алады. Енді министрлік азаматтар әлдеқайда жылдам шағымдана алатын қосымша әзірлеуді жоспарлап отыр.
"Келесі жылы тұттынушылар құқығын қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіруді жалғастыра береміз", - деді Сұлтанов.
Электронды сауда саласындағы құқықтар аясы жетілдіріледі. Заңда Ұлттық тұтынушылар қауымдастығының ерекше мәртебесін бекітіп, омбудсмен институтын енгізу жоспарланып отыр.
Министр ол халық үнінің қызметін атқарып, тұтынушылар құқығы бұзылып жатқан саладағы жүйелі проблемаларды мемлекеттегі бірінші тұлғаларға дейін жеткізуге ықпал ететінін айтты.
Жаңалықтар
0