Денсаулық

Коронавирустан кейін онкологиялық ауру пайда болуы мүмкін – дәрігерлер

© REUTERS / ALAA AL-MARJANIМедик в защитном костюме смотрит результаты МРТ в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме смотрит результаты МРТ в  больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
Оған қоса, пандемияның салдарынан диагностикалық шаралар бәсеңдеді. Сол себепті онкологиялық аурулардың асқынған формалары көбейіп кетеді деген болжам бар
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. COVID-19-бен ауырып шыққан адамдар онкологиялық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Соломатина айтты.
"Ондай пациенттерде қатерлі ісік өкпеде немесе асқазан-ішек жолында қалыптасуы мүмкін. COVID бірқатар ауруға себеп болып отыр", - деді Ресей дәрігері Ura.ru сайтына берген сұхбатында.
Бұған дейін Ресей денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдасыру департаментінің директоры Екатерина Каракулина коронавирус пандемиясының салдарынан онкологиялық аурулар сирек анықталып жатқанын айтқан. Себебі диагностикалық шаралар бәсеңдеді. Алдағы уақытта онкологиялық аурулардың асқынған формалары көбейіп кетеді деген болжам бар. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың өмір сұру ұзақтығы да қысқарады. 
Дәрігерлер онкологиялық ауруға шалдыққандарға тезірек вакцина алуға кеңес берді. Себебі ондай науқастар вирусты жұқтыру қаупі жоғары топқа кіреді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0