Экономика

Қазақстандықтар үй сатып алу үшін қандай депозит түрін жиі пайдаланады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
"Отбасы банк" басшысы қазақстандықтардың баспана алу үшін депозитін қалай пайдаланғанын айтып берді
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. 400 мыңға жуық салымшы "Отбасы банкте" тұрғын үй депозитін ашты, оның ішінде 78 мың қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл туралы "Отбасы банк" басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова "Атамекен бизнес" арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Сұранысты 2021 жылдың басында байқадық, ол зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты болды. Сондай-ақ "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы" бағдарламалары аясында кезекте тұрғандар тарапынан сұраныс болды. Биыл "Бақытты отбасы" бойынша бюджеттен 70 миллиард теңге алдық және 7 мыңға жуық отбасыны пәтерге орналастыруды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл банк кірісін арттырды. Бұл жылды шамамен 60 миллиард теңге таза пайдамен аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ "Отбасы банктің" басқарма төрағасы биыл түсім бойынша рекордтық жыл болғанын айтты.
"Қазірге дейін депозиттерге 815 миллиард теңге құйылды. Бұл – үлкен сома. Бұл қазақстандық отбасылардың сенімін көрсетеді. Біз жақында статистка жүргізіп, ең танымал өнім – отбасы депозиті екенін көрдік. Бұл адам өз атына, балаларының атына депозит ашып, соңында біріктіру мүмкіндігі. Орташа коэффициент – 4, яғни бір несие алу үшін төрт депозит біріктіріледі. Егер біз 78 мың несие берсек, онда 300 мыңға жуық депозит несиеге айналды", – деп толықтырды Ләззат Ибрагимова.
Сондай-ақ "Отбасы банк" басшысы 78 мың өтінімнің тек 21 мыңы ғана бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдалануға қатысты болғанын айтты. БЖЗҚ сомасы бойынша 114 миллиард теңге пайдаланылды.
Айта кетері, "Отбасы банк" (бұрын "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі") – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк.
Жаңалықтар
0