https://sputnik.kz/20211231/akimdik-qyzmetkeri-ayelin-oltirdi-19033286.html
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді – сот үкімі шықты
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді – сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Бауыржан Хайруллин кінәлі деп танылды. Ол сотта әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұрады 31.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-31T16:27+0500
2021-12-31T16:27+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Оралда әйелін жауыздықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.Бауыржан Хайруллин әйелін қызғанып, асқан жауыздықпен өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, келіншегін қызғанатындай себеп те болмапты. Бірақ ашуға булыққан ер адам оған пышақ ала жүгірген.Марқұм Айнагүл Хайруллинаның әріптестері де сотқа келіп, жас жұбайлар туралы айтты. Бас кезінде екеуі бақытты отбасы болған. Артынан екі баласы дүниеге келген. Бауыржан да, Айнагүл де жұмыс істепті.Оқи отырыңыз: "Аяғымен түртіп оятқан": Әйелін өлтірген экс-шенеунікке қатысты тың мәлімет шықты Айнагүл біршама уақыттан кейін әріптесіне күйеуінің қол көтеретінін айтқан. Дене жарақаттары болған. Алайда әріптестері араласпапты. Ерлі-зайыпты бәрін өздері шешеді деп ойлаған.Биыл сәуір айында Бауыржан әдеттегідей әйелін жұмыстан алып кетуге келген. Айнагүл төменге түскен. Бірақ артынан әріптестері оның қанға малынып жатқанын көрген. Сөйтсе, күйеуі 30 рет пышақ салып, оқиға орнынан кетіп қалған. Айнагүл ауруханада көз жұмды.Хайруллин қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істеп, жол құрылысына жауапты болған. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, ол қылмысқа дейін екі күн бұрын қызметінен кеткен. Бүгін, 31 желтоқсанда сот үкім шығарды. Бауыржан Хайруллин әйелін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары түрмеде өтейді. Бұдан бөлек, Хайруллин марқұмның анасы мен әпкесіне 15 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеп беруге міндетті. Сотта ол әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін өлтірді – сот үкімі шықты
16:27 31.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Бауыржан Хайруллин кінәлі деп танылды. Ол сотта әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Оралда әйелін жауыздықпен өлтірген ер адамға сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Мой город"
порталына сілтеме жасап.
Бауыржан Хайруллин әйелін қызғанып, асқан жауыздықпен өлтірген. Куәгерлердің айтуынша, келіншегін қызғанатындай себеп те болмапты. Бірақ ашуға булыққан ер адам оған пышақ ала жүгірген.
Марқұм Айнагүл Хайруллинаның әріптестері де сотқа келіп, жас жұбайлар туралы айтты. Бас кезінде екеуі бақытты отбасы болған. Артынан екі баласы дүниеге келген. Бауыржан да, Айнагүл де жұмыс істепті.
Айнагүл біршама уақыттан кейін әріптесіне күйеуінің қол көтеретінін айтқан. Дене жарақаттары болған. Алайда әріптестері араласпапты. Ерлі-зайыпты бәрін өздері шешеді деп ойлаған.
Биыл сәуір айында Бауыржан әдеттегідей әйелін жұмыстан алып кетуге келген. Айнагүл төменге түскен. Бірақ артынан әріптестері оның қанға малынып жатқанын көрген. Сөйтсе, күйеуі 30 рет пышақ салып, оқиға орнынан кетіп қалған. Айнагүл ауруханада көз жұмды.
Хайруллин қаланың тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде жұмыс істеп, жол құрылысына жауапты болған. Әкімдіктің мәліметіне сәйкес, ол қылмысқа дейін екі күн бұрын қызметінен кеткен.
Бүгін, 31 желтоқсанда сот үкім шығарды. Бауыржан Хайруллин әйелін асқан жауыздықпен өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары түрмеде өтейді.
Бұдан бөлек, Хайруллин марқұмның анасы мен әпкесіне 15 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеп беруге міндетті. Сотта ол әйелінің туған-туыстарынан кешірім сұрады.