Коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта бір өңір ғана қалды
08:46 31.12.2021 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023)
© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Республика бойынша стационарларда екі мыңнан астам қазақстандық індеттен емделіп жатыр
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қызыл" аймақта бір де бір өңір жоқ. "Жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары бар.
Сондай-ақ өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында 110 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Ал Алматыда 75 науқас тіркелді. Бұған дейін "сары" аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысында 34 жағдай тіркелді.
31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 16 610 адам коронавирус инфекциясынан (14 643 КВИ+ және 1 967 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 2 264 пациент стационарда, 14 346 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Науқастар арасында 213 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: