https://sputnik.kz/20211231/Kokshetau-qutqarushylar-video-19033129.html
Көкшетауда болған оқиға: желіде құтқарушылар жайлы видео таралып кетті
Көкшетауда болған оқиға: желіде құтқарушылар жайлы видео таралып кетті
Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер 55 жастағы ер адамды жанып жатқан үйден алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті 31.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-31T15:42+0500
2021-12-31T15:42+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
құтқарушылар
видео
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_51ec1215ef4d6f2a009c140607e19955.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдың қарсаңында Көкшетау қаласындағы барақ үлгісінде салынған үйден өрт шықты. Ішінде болған 55 жастағы ер адам есінен танып қалған. Өрт сөндірушілер оны далаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Желіде тараған видеодан құтқарушылардың күнделікті жұмысын көруге болады.Видеодағы өрт сөндірушілердің бірі – Евгений Ефремов. Оның айтуынша, дабыл қағылғанда жеке құрам ауысып жатқан.Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамды ажалдан арашалап қалды."Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов пен Әліби Қомаров сияқты өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті арқасында ер адам аман қалды", - дейді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.Адам көмірқышқыл газбен демалғаннан кейін дереу көмек көрсету керек. Оттегі бір минут жетпесе, адам қайтыс болып кетуі мүмкін. Ондайда әрбір секундты тиімді пайдалану қажет.Оқи отырыңыз: Ақтауда жаңа тұрғын үй кешені отқа оранды - видео"Біз "Кокшетау" деген жасанды тыныс алдыру аппаратын алдырттық. Бұрын осы құрылғы біздің қаламызда жасалып, бүкіл Кеңес одағына таратылатын. Әрбір жедел жәрдем көлігінде болды. Бізде де бар. Сөйтіп, есінен танып қалған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Аппаратпен өкпені жасанды түрде желдеттік. Одан кейін жедел жәрдем де келді", - дейді Ефремов.Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының тұйықталуы. Зардап шеккен ер адам ауруханада емделіп жатыр. Евгений осыдан екі жыл бұрын да Көкшетаудағы саяжайлардың бірінде үй иесін құтқарып қалған. Бірақ құтқарушылар өз жетістігін көп айта бермейді. "Біз өз жұмысымызды істедік", - дейді олар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/842/44/8424471_213:0:1920:1280_1920x0_80_0_0_3978b1782a630e952e118f2eb74dc327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құтқарушылар
Көкшетауда болған оқиға: желіде құтқарушылар жайлы видео таралып кетті
15:42 31.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Өрт сөндірушілер 55 жастағы ер адамды жанып жатқан үйден алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдың қарсаңында Көкшетау қаласындағы барақ үлгісінде салынған үйден өрт шықты. Ішінде болған 55 жастағы ер адам есінен танып қалған. Өрт сөндірушілер оны далаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Желіде тараған видеодан құтқарушылардың күнделікті жұмысын көруге болады.
Видеодағы өрт сөндірушілердің бірі – Евгений Ефремов. Оның айтуынша, дабыл қағылғанда жеке құрам ауысып жатқан.
"Біз осы ауданға қызмет көрсететін негізгі құрамға кірмейміз. Бірақ жігіттер қосымша көмек сұрады. Оқиға орнына бірінші болып келгендер өрттің бетін қайтарды. Біз болсақ, барлауға кірісіп, үйдегі адамдарды іздей бастадық. Жеке қорғаныс құралдарын киіп алдық. Сөйтіп, үйде жатқан ер адамды көріп, дереу көмек шақырдым. Сыртқа шығару керек қой. Бір адам шығара алмайды. Оны тек кинодан ғана көресіз", - дейді өрт сөндіруші.
Құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ер адамды ажалдан арашалап қалды.
"Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов пен Әліби Қомаров сияқты өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеті арқасында ер адам аман қалды", - дейді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.
Адам көмірқышқыл газбен демалғаннан кейін дереу көмек көрсету керек. Оттегі бір минут жетпесе, адам қайтыс болып кетуі мүмкін. Ондайда әрбір секундты тиімді пайдалану қажет.
"Біз "Кокшетау" деген жасанды тыныс алдыру аппаратын алдырттық. Бұрын осы құрылғы біздің қаламызда жасалып, бүкіл Кеңес одағына таратылатын. Әрбір жедел жәрдем көлігінде болды. Бізде де бар. Сөйтіп, есінен танып қалған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Аппаратпен өкпені жасанды түрде желдеттік. Одан кейін жедел жәрдем де келді", - дейді Ефремов.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының тұйықталуы. Зардап шеккен ер адам ауруханада емделіп жатыр.
Евгений осыдан екі жыл бұрын да Көкшетаудағы саяжайлардың бірінде үй иесін құтқарып қалған. Бірақ құтқарушылар өз жетістігін көп айта бермейді. "Біз өз жұмысымызды істедік", - дейді олар.