Видео

Халық үкіметтің биылғы жұмысына баға берді – видео

Жазылу
Sputnik Қазақстан тілшіcі халық арасында сауалнама жүргізіп, үкіметтің биылғы жұмысын қалай бағалайтынын сұрады
Биылғы жыл тағы карантинмен өтті. Коронавирустың жаңа штамдары шыға бастады. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда шектеу шаралары жеңілдетіліп отыр. Біреулер үкіметтің биылғы жұмысына "жақсы" деген баға берсе, енді біреулер "жаман емес" деп отыр. 
"Жалғыз бізге ғана емес, барлық елдің үкіметіне де қиын болды ғой. Әр ел өз күшімен шығып жатыр. Енді, жақсы деп те, жаман деп те айта алмаймыз. Орташа жұмыс істеп келе жатыр", - деді астаналықтардың бірі.
Адамдар коронавирустың біраз жұмысты тежеп отырғанын да түсінеді. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуімен үкімет халықты көбірек ойлай бастады" деп санайтындар да бар. 
"Балаларымыз студент, грантпен оқуға түсіп жатыр. Оның бәрі халыққа жасалған жақсылық деп білемін. Кез келген нәрседе жеңілдіктер бар ғой. Жұмыс болсын, оқу болсын, бизнес бастап, шағын кәсіпкерлік ашса да, білген адамға үкіметтен қолдау көп", - дейді енді бірі. 
Кейбіреулер екі министрліктің жұмысын ерекше атап өтті.
"Үкіметтің жұмысы қиын болды деп ойлаймын. Өйткені посткоронавирустық кезең ғой, пандемиядан шыққан кейін экономиканың көп саласы құлдырап кетті. Бірақ өзім білім және ғылым министрлігін ерекше атап өткім келеді. Өйткені мектептерді онлайнға көшіру, сабақ беру, яғни, білімнің сапасын түсіріп тастамау үшін талай еңбек етті және денсаулық сақтау министрлігінің вакциналау жұмысы. Соларға оң баға беремін", - дейді азаматтар. 
Халықтың үкіметтің жұмысына қатысты ойын видеодан көріңіз.
Жаңалықтар
0