Денсаулық

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны бесінші күн қатарынан көбейіп барады

© AFP 2024 / BRENDON THORNEАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
Ақтөбе облысында коронавирус бірде бір адамнан анықталмады, Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында бірлі-жарым жағдайлар тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 480 адамның коронавирусқа қарсы тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Коронавирус жұқтыру бойынша тәуліктік көрсеткіш осымен бесінші күн қатарынан өсіп барады. 26 желтоқсанда 342 адамнан коронавирус табылған болатын.
Оның ішінде:
  • Нұр-Сұлтан қаласында -  110,
  • Алматы қаласында - 75,
  • Шымкент қаласында – 19,
  • Ақмола облысында – 36,
  • Ақтөбе облысында - 0,
  • Алматы облысында - 21,
  • Атырау облысында - 10,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 20,
  • Жамбыл облысында - 6,
  • Батыс Қазақстан облысында - 6,
  • Қарағанды облысында - 53,
  • Қостанай облысында - 39,
  • Қызылорда облысында - 4,
  • Маңғыстау облысында - 3,
  • Павлодар облысында - 39,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 34,
  • Түркістан облысында - 5.
Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 987 866 адамға жетті.
Жаңалықтар
0