Қоғам

Алматының коммуналдық қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

© Sputnik / Тимур БатыршинПрогулка с собакой
Прогулка с собакой - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2021
Жазылу
31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жедел және жөндеу бригадаларының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылып отыр
АЛМАТЫ, 31 желтоқсан – Sputnik. Алматыда қаланың коммуналдық қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді. 31 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында жедел және жөндеу персоналының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің хабарлауынша, "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының су құбыры-кәріз кешенінің 24 апат бригадасы мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді. Жылу желілеріндегі апатты жою үшін жеті пайдалану ауданы, төрт жөндеу-құрылыс учаскесі қосымша жұмылдырылады.
"Алатау жарық компаниясы" АҚ кезекші бригадалардың тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді. Мереке күндері кезекшілікте 17 жедел-көшпелі бригада, сондай-ақ 3 дизельді жылжымалы электр станциясы болады.
Коммуналдық қызметте мәселе туындаған жағдайда қаладағы жедел қызметтерге хабарласу қажет.
Жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету:
Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарласу керек: +7 (727) 378-06-65.
Сумен қамтамасыз ету және кәріз:
Су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтарда штаттан тыс жағдай болса, "Алматы Су" тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласу керек: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01.
Суық сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 "сенім телефоны" жұмыс істейді.
Электрмен қамтамасыз ету:
"Алатау Жарық компаниясы" АҚ-ның байланыс орталығы:  +7 (727) 356-99-99.
1-АЭЖ:
268-60-71, 268-60-74
2-АЭЖ:
375-25-44, 375-02-25
3-АЭЖ:
385-45-27
4-АЭЖ:
242-65-63
5-АЭЖ:
375-04-69, 375-28-00
6-АЭЖ:
272-23-66, 272-24-32
7-АЭЖ:
268-02-40, 268-02-48
Газбен қамтамасыз ету:
Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.
Сыртқы жарықтандыру:
Көше шамдарына қатысты сұрақтар бойынша "Алматы қала жарық" МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.
Жаңалықтар
0