Өңірлер

Атырауда 7 жастағы өгей қызын зорлаған азғын сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Сот қылмысты сараптама қорытындысымен, бейнежазбамен және WhatsApp-тағы хат-хабарлармен толық дәлелдеді
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Атырауда 7 жастағы қызына сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған өгей әке 15 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотта жабық қаралды. Сот таратқан ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты алдымен Атырау қаласында тұрып, кейін Алматыға қоныс аударған, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Алғашқы азғындық жасалған кезде қыз бала 7 жаста болған. Бірнеше жылдан соң отбасы ажырасып, анасы балаларымен Атырауға оралыпты. Соңынан іздеп келген күйеуі соңғы рет 2020 жылы сексуалдық сипатта әрекетін жасаған. Анасы қызынан сұмдық жайтты естіген бойда құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.
"1984 жылы туған сотталушы өзінің 2007 жылы туған өгей қызына 2013-2020 жылдар аралығында 4 рет сексуалдық әрекет жасаған. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Оксана Даурешова.
Сондай-ақ өмір бойына кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырған. Судья азғын әкенің бұрынғы некеден бір баласы, ал жәбірленуші отбасында кәмелетке толмаған 3 баласы бар екенін ескеріпті. Жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ дейді.
Азғын өзінің кінәсін мойындамай, толық ақтауды сұраған. Сот қасақана аса ауыр қылмыстық әрекет сараптама қорытындысымен, бейнежазбамен және WhatsApp-тағы хат-хабарлармен толық дәлелденгенін айтты. Дегенмен екі тарап та үкіммен келіспейді.
Оқи отырыңыз: Талдықорған тұрғыны өгей қызын үш жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0