Елорда тынысы

"15 жыл күттім": Нұр-Сұлтанда қолжетімді баспана кілті табысталды – видео

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйдің саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көбейді
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Тұрғын үй кезегінде тұрған жүздеген астаналық баспаналы болды. Кейбіреулер пәтер кілтін әкімнің қолынан алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа тұрғын үй кешені Алматы ауданында орналасқан. Кезекте тұрған 200-ге жуық отбасы осы үйден пәтер алды. Қала әкімі Алтай Көлгінов көктемде үйдің айналасын абаттандырып беруге уәде етті.
Қолжетімді баспана алғандардың ішінде Ғарифолла Жәбікеев те бар. Ол осы пәтерді 15 жыл күткен.
"Мен қатты қуанып тұрмын. Осы үйді 15 жыл күттім. Міне, бүгін Алла жазып, алып жатырмыз. Барлығына көп рахмет!", - дейді Жәбікеев.
Ал Дарья Гесман 2010 жылдан бері баспана кезегінде тұрған.
"Мен ата-анамнан ерте айырылдым. Бірақ біздің мемлекетімізде қолдау бар. Маған екі бөлмелі пәтер берді. Соған өте қуаныштымын. Сол жерде баламмен бірге тұрамын", - деді Гесман.
Ардақ Отарбаев болса, алты жыл бұрын баспана кезегіне тұрғанда бір ұлы болды. Қазір үш баласы бар. Оларға үш бөлмелі пәтер табысталды.
Ресми мәліметке сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үйдің саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін көбейді. Соңғы 3 жылдың өзінде қолжетімді баспана 5,5 есеге артты. 2018 жылы 1800 пәтер болса, 2019 жылы - 2 900 пәтер, ал 2020 жылда 7 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді.
"2022 жылы тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Дайындық жұмыстары басталды", - дейді қала әкімі.
Айта кетері, астанада жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы жалғаса береді. Биыл жастарға арналған "Elorda Jastary" арнайы тұрғын үй бағдарламасы да қолға алынды.
Жаңалықтар
0