Қоғам

Екінші мүмкіндік: магистратура грантын кімдер иеленді – толық тізім

© Photo : StockSnapСтудент в библиотеке
Студент в библиотеке  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Ғылыми-педагогикалық магистратураға 837 адам, бейіндік магистратура бойынша 108 адам оқуға түсті
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл алғаш рет магистратураға түсуге қатысты өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, мемлекеттік грантқа үміткерлер жылына екі рет: дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста тест тапсырды.
Осылайша екінші мүмкіндікті пайдаланып, мемлекеттік грантты 945 қазақстандық жеңіп алды. Оның ішінде ғылыми-педагогикалық магистратураға 837 адам, бейіндік магистратура бойынша 108 адам оқуға түсті.
Магистратура грантына үміткерлер дәстүрлі түрде шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтау бойынша тест тапсырды. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаты бар адамдар автоматты түрде шет тілі бойынша тестілеуден босатылды.
Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, үміткерлер арасында "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" сынды бағыттар сұранысқа ие болды.
Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыру құны екі есе қымбаттайды 
"Мемлекеттік гранттар республикалық конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша берілді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, Қазақстан студенттер альянсы мен "Отандастар" қорының өкілдері кірді. Отырыста комиссия барлық қатысушының нәтижесін қарады. Конкурстық іріктеу рәсімі толығымен автоматтандырылған. Магистратурада оқу үшін білім гранттары үміткерлердің баллдарына сәйкес конкурстық негізде берілді", – деді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.
Енді барлық грант иегері 10 қаңтарға дейін құжаттарын университеттердің виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы тапсыруға тиіс. Оқу жоғары оқу орындарының академиялық күнтізбесіне сәйкес басталады.
Сондай-ақ ақылы бөлімге магистратураға түсу үшін шекті балл көтерілді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, бейінді магистратураға түсу үшін 50 балл болуы керек.
Жаңалықтар
0