Денсаулық

Ғалымдар COVID-19 бен алкогольдің байланысын анықтады

© REUTERS / Bing GuanСотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования в рамках создания вакцины от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Мамандар COVID-19 инфекциясының жиілігіне әсер етуі мүмкін деп саналатын бірқатар факторды қарастырды
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-тың Питтсбург Университетінің мамандары COVID-19 қоздырғышына қалыптасатын иммунитет пен алкоголь арасындағы күтпеген байланыс туралы мәлімдеді.
Зерттеу нәтижесі medRxiv.org сайтында жарияланды, әзірге рецензиядан өтпеді, деп жазады РИА Новости.
Ғалымдар егде жастағы адамдар арасында коронавирус инфекциясының жиілігіне әсер етуі мүмкін факторларды қарастырды. Олардың қатарында психикалық проблемалар, соматикалық аурулар, алкоголь мен есірткі қолдану бар.
Зерттеуге 55-103 жас аралығындағы 90 адам қатысты.
"COVID-19-ға ұшыраған, бірақ сырқаты тестпен расталмаған адамдар, әдетте, коронавирус инфекциясы бар науқастарға қарағанда алкогольді көп ішеді. Орта есеппен күніне бір сусын", - деп жазады зерттеу авторлары.
Ғалымдардың пікірінше, бұрын алкогольге қатысты проблемалардың болуы COVID-19 ауруына шалдығу қаупін арттырмайды.
Жаңалықтар
0