https://sputnik.kz/20211230/darigerler-poyyz-zhasospirim-19022257.html
Дәрігерлер пойыз үстінде тоқ соққан жасөспірімнің жағдайын айтты
Дәрігерлер пойыз үстінде тоқ соққан жасөспірімнің жағдайын айтты
Sputnik Қазақстан
Жасөспірім тоқ соққаннан кейін аман қалды, алайда оның денесінің көп бөлігі күйіп қалған. Ал оның досы сол жерде көз жұмды 30.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-30T09:34+0500
2021-12-30T09:34+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
пойыз
тоқ соғу
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:181:1000:744_1920x0_80_0_0_55d437edb9d2fc0ce9f2f701ead9bda1.jpg
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматы станциясында 27 желтоқсанда төтенше жағдай болды. Үш жасөспірім вагонның үстіне шығып селфи жасамақ болған. Олардың бірі тоқ соққаннан кейін сол жерде қайтыс болды, бір баланың денесінің 60%-ін күйік шалған. Дәрігерлер қазір науқастың қандай жағдайда екенін айтты.Қайғылы оқиғадан кейін көліктегі полиция департаменті жасөспірім өліміне және жарақат алғанына кінәлілер бас бостандығынан айырылатынын айтты.Дерек қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша Алматы 1 станциясында желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл бап үш жылға дейін белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе бұл талапсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.Көлік полициясының хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Іске қатысты басқа деректер жарияланбайды.Айта кетері, бұған дейін темір жолда осындай қайғылы оқиға Қазақстанның басқа қаласында тіркелді. Таразда жасөспірім селфи жасау үшін пойыздың үстіне шыққан. Жасөспірім тоқ соққаннан кейін жанып кетті.Оқи отырыңыз: Таразда селфи үшін пойыз төбесіне шыққан жасөспірім мерт болды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1a/18768628_0:18:1000:768_1920x0_80_0_0_a159b226d713053396e1814ec348ee87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, тоқ соғу
Дәрігерлер пойыз үстінде тоқ соққан жасөспірімнің жағдайын айтты
09:34 30.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жасөспірім тоқ соққаннан кейін аман қалды, алайда оның денесінің көп бөлігі күйіп қалған. Ал оның досы сол жерде көз жұмды
АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. Алматы станциясында 27 желтоқсанда төтенше жағдай болды. Үш жасөспірім вагонның үстіне шығып селфи жасамақ болған. Олардың бірі тоқ соққаннан кейін сол жерде қайтыс болды, бір баланың денесінің 60%-ін күйік шалған. Дәрігерлер қазір науқастың қандай жағдайда екенін айтты.
"Науқас бізге ауыр халде түсті. Негізгі диагноз – электр тоғынан күю. Оның жағдайы қазір тұрақты. Терапевт, кардиолог қарап, басқа да медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін ол бейінді дәрігерлердің бақылауында болу үшін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Almaty телеарнасына №4 қалалық клиникалық аурухананың травматолог дәрігері Елдос Әлменов.
Қайғылы оқиғадан кейін көліктегі полиция департаменті жасөспірім өліміне және жарақат алғанына кінәлілер бас бостандығынан айырылатынын айтты.
Дерек қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі "абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу" бойынша Алматы 1 станциясында желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұл бап үш жылға дейін белгілі бір қызметті атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе бұл талапсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Көлік полициясының хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Іске қатысты басқа деректер жарияланбайды.
Айта кетері, бұған дейін темір жолда осындай қайғылы оқиға Қазақстанның басқа қаласында тіркелді. Таразда жасөспірім селфи жасау үшін пойыздың үстіне шыққан. Жасөспірім тоқ соққаннан кейін жанып кетті.