Өңірлер

"Аяз ата, тоқта!": желіде танылған бала министрден сыйлық алды – видео

© Photo : Pixabay.com/Yevhen BuzukПодарки, упаковка
Подарки, упаковка - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Бұған дейін Дмитрийдің анасы видеоның қалай түсірілгенін айтып берді. Оның айтуынша, баласы Аяз ата мінген шананы қуып жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Аяз атаның артынан жүгірген баланың қызықты видеосы кеңінен тарап кетті. Оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те көріп, оқушыға сыйлық жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ШҚО білім басқармасына сілтеме жасап.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Видеоның кейіпкері – Дмитрий Головень. Ол Алтай қаласында тұрады. Үшінші сынып оқушысы бес пен төртке оқып жүр. Желідегі видеодан кейін Дима үшін Аяз атамен кездесу ұйымдастырылды. Сондай-ақ, министрдің сыйлықтары жеткізілді.
"Құрметті Дмитрий! Мен де сізді Жаңа жылмен құттықтағым келеді! Әрқашан да батыл бол және алға қойған мақсаттарыңа қол жеткіз! Жақсы оқып, ата-анаңды, ұстаздарыңды қуанта бер. Ал біз сіздердің сапалы білім алуларыңызға барлық жағдайды жасаймыз", - деп жазды Аймағамбетов.
Министр оқушыға кітаптар, тәттілер мен ойыншықтар жіберді.
"Алда қысқы демалыс, сол себепті, мереке қарсаңында саған жаңа жылдық сыйлық ретінде тәттілер мен кітаптар табыстағым келеді. Қысқы демалыс кезінде көп оқитыныңа сенімім мол. Білімді арттыру мен дамытуда кітаптың алатын орны ерекше. Мен еліміздегі барлық оқушыға кітап оқуға кеңес беремін. Келе жатқан Жаңа жылыңызбен!", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ŞQO BILIM BASQARMASY (@upr_obrazovaniya_vko)

Айта кетері, бұған дейін Дмитрийдің анасы видеоның қалай түсірілгенін айтып берді. Оның айтуынша, баласы Аяз ата мінген шананы қуып жеткен.
"Ол мектептен шығып, шанамен өтіп бара жатқан Аяз атаны көрді де, артынан қуа жөнелді. Мектептің арғы жағында жетіп алды. Жанында досы да болды. Олар шанамен қыдыртып шығуды сұрады. Аяз ата тілегін орындады. Ұлым риза болды. Артынан өз әсерімен бөлісіп, қатты қуанды ", - деді Наталья Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ертесінде Аяз ата баланың үйіне өзі келіп, сыйлық табыстады.
Жаңалықтар
0