https://sputnik.kz/20211230/atyrau-eskertkish-video-19029165.html
145 млн теңге жұмсалды: Атырауда даулы ескерткіш ашылды – видео
145 млн теңге жұмсалды: Атырауда даулы ескерткіш ашылды – видео
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде осы жобаға жауапты болған шенеуніктер тергеуге алынып отыр. Ескерткішті жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде келісімшартты рәсімдегені... 30.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-30T18:16+0500
2021-12-30T18:16+0500
2022-02-02T09:48+0500
өңірлер
атырау
ескерткіш
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19028032_0:202:2562:1650_1920x0_80_0_0_91de17bd8017cdb4db04d8b05fd903bd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласында Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды "Ак Жайык" порталы.Қаланың мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Құралай Құмарованың айтуынша, республикалық комиссияда мүсінші Асқар Нартовтың эскизін үздік деп танылған болатын. Ескерткіш қоладан құйылды. Он бір метрлік мүсін Нұрсая шағын ауданында Абай атындағы орталықтың алдында орналасқан.Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, абайтанушы Қадыр Жүсіп және тағы басқа танымал тұлғалар қатысты.Айта кетері, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Олар Абай ескерткішін жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде келісімшартты рәсімдегені үшін 4,5 миллион теңгенің парасын алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменова үйқамаққа жіберген. Артынан қамауға алды.Атыраудағы Абай ескерткішіне 145 миллион теңге жұмсалды. Ал Павлодар әкімдігі ұлы ақынның мүсінін 55 миллионға жасатты. Оны да Асқар Нартовтың эскизі бойынша әзірлеген.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19028032_0:121:2562:1731_1920x0_80_0_0_095708612ae840bce9e9e4a41d087b99.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, ескерткіш
145 млн теңге жұмсалды: Атырауда даулы ескерткіш ашылды – видео
18:16 30.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Қазіргі кезде осы жобаға жауапты болған шенеуніктер тергеуге алынып отыр. Ескерткішті жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде келісімшартты рәсімдегені үшін пара алынған
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Атырау қаласында Абай ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды
"Ак Жайык" порталы.
Қаланың мәдениет бөлімі басшысының орынбасары Құралай Құмарованың айтуынша, республикалық комиссияда мүсінші Асқар Нартовтың эскизін үздік деп танылған болатын. Ескерткіш қоладан құйылды. Он бір метрлік мүсін Нұрсая шағын ауданында Абай атындағы орталықтың алдында орналасқан.
Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Илья Жақанов, абайтанушы Қадыр Жүсіп және тағы басқа танымал тұлғалар қатысты.
Айта кетері, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Олар Абай ескерткішін жасау бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде келісімшартты рәсімдегені үшін 4,5 миллион теңгенің парасын алды деген күдікке ілінді. Бас кезінде Хаменова үйқамаққа жіберген. Артынан қамауға алды.
Атыраудағы Абай ескерткішіне 145 миллион теңге жұмсалды. Ал Павлодар әкімдігі ұлы ақынның мүсінін 55 миллионға жасатты. Оны да Асқар Нартовтың эскизі бойынша әзірлеген.