ТМД кеңістігіндегі 2021 жылдың маңызды әскери-саяси оқиғалары

© AFP 2024 / AAMIR QURESHIБоевики Талибана* на улицах Кабула
Боевики Талибана* на улицах Кабула  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
Әскери шолушы Александр Хроленко өтіп бара жатқан жылдағы ТМД мен іргелес жатқан елдер үшін басты әскери-саяси оқиғаларға шолу жасады
ТМД елдерінде 2021 жыл әскери толқусыз өтті. Қауіпсіздік пен шекарадағы шиеленіс дипломатия және әскери маневрдің көмегімен реттелді.  
Әскери-саяси оқғаларды хронологиялық тәртіпте емес, олардың маңыздылығы және трансформация перспективасы бойынша қарастырайық.

Стратегиялық шабуылдау қаруы-ІІІ келісімшартын ұзарту

Жағымсыз болжамдарға қарамастан, Ресей мен АҚШ 3 ақпанда Стратегиялық шабуылдау қаруы туралы келісімді (СШҚК) бес жылға ұзартты, яғни ол 2026 жылдың 5 ақпанына дейін күшінде қалады. Күрделі халықаралық жағдайда Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Джо Байденнің келіссөзі (телефон арқылы) осы мәселенің түйінін шешті.
Келісімшарт екі ірі ядролық державаның стратегиялық тұрақтылығы мен ашықтығының қажетті деңгейін қарастырады. АҚШ пен РФ 2018 жылдың 5 қаңтарында СШҚ-ІІІ келісімшартының басты шектеулеріне қол жеткізді және ол қазір мына деңгейде тұр:
700 орналастырылған құрылықаралық баллистикалық зымыран (ҚБЗ);
орналастырылған ҚБЗ-дағы 1 550 ядролық оқтұмсық;
орналастырылған және орналастырылмаған 800 ҚБЗ іске қосу қондырғысы (ауыр бомбалаушыларды қоса алғанда барлық түрі).

Азат Ауғанстан

Тамызда Ауғанстаннан НАТО-ның өз әскерін жылдам алып кетуі, тәлібтердің билікке келуі АҚШ-тың әлем алдындағы беделін біршама түсірді. Жиырма жылға созылған ауған науқанына Пентагон түрлі дерек бойынша 193 миллиард доллардан 978 миллиард долларға дейін қаражат жұмсаған.
2020 жылдың 29 ақпанында АҚШ пен тәлібтер Дохада бейбіт келісімге қол қойды. Құжат елдегі шетелдік әскерді (НАТО) шығарған жағдайда Ауғанстандағы бір-біріне қарсы күштердің қарым-қатынасын саяси тұрғыда реттеуді қарастырды. Анығында тәлібтер оппоненттерімен билікті бөліскісі келмеді.
Осылайша Ауғанстанда мемлекет құруды көздеген америкалқ тәжірибе сәтсіз аяқталды. Орталық Азия елдерінің өз территориясында Пентагонның "қосымша аэродромын" орналастыруға қарсы болуы тектен-тек емес.

НАТО бағытындағы бомбалар

23 маусымда британдық эсминец Defender Ресей шекарасын бұзып, Қырымдағы Фиолент мүйісінің ауданына үш километрге енген кезде Мәскеу Солтүстікатлантикалық альянстың әрекетіне шек белгіледі. Ресей Федералды қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі мен Қара теңіз флоты артиллериялық қарудан оқ атып, кеме бағыты бойынша бомба тастау арқылы шекара бұзған эсминецті бағытынан қайтарды.
Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің "Defender эсминецтің Украина аймақтық сулары арқылы бейбіт мақсатта өтуі" туралы ресми мәлімдемесі күдікті сейілткен жоқ. Қырымның Ресейге тиісті аумағындағы жағалауға жақын қасақана арандатушылық әрекеттер британ экипажының соңғы миссиясына айналуы мүмкін еді.
Бұл оқиға НАТО кемелері тенологиялық тұрғыдан басым қарсыластың алдында қаншалықты әлсіз екенін бүкіл әлемге көрсетті. РФ сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков 24 маусымда "әріптестерге" ресейлік шекараның мызғымастығы туралы мынандай мәлімдеме жасады: "Біз ақылға келуге шақырып, халықаралық құқықты құрметтеуді талап етеміз. Егер бұл көмектеспесе, әріптестер бізді түсінбесе, онда тек кеме бағыты бойынша емес, дәл сол кеменің өзіне бомба тастаймыз".

"Батыс-2021": маңызды оқу-жаттығу

Қыркүйекте Беларусь пен Ресей 200 мыңға жуық әскери қызметкер, 290 танк, 240 артиллериялық қондырғы және көптеген зымыран қондырғы, 80-ге жуық ұшақ пен тікұшақ, 15 кемені жұмылдырумен "Батыс-2021" стратегиялық маневрін өткізді.
Бұл оқу-жаттығуда алғаш рет жаңа техника үлгілері мен тактикалық әдістер қолданылды. Мотоатқыштар жанында "Уран-9" бен "Нерехта" соққы жасаушы роботтары әрекет етті. Ресейлік әскер Ту-22М3 алты ауыр бомбалаушыны қоса алғанда 60-тан астам авиатехниканың қатысуымен ауқымды авиация соққысын жасады. Сонымен қатар "Иноходец" ("Орион") және "Форпост" пилотсыз аппараты да жұмылдырылды.
"Батыс-2021" маневрі АҚШ армиясының жетекшілік етуімен ұйымдастырылған Defender Europe 21 ірі көлемдегі оқу-жаттығуына қарсы жауап іспеттес болды.

Перл-Харбор-II

Ресей Әскери-теңіз флоты алғаш рет АҚШ аумағындағы стратегялық нысандарға зымыраннан ауқымды соққы жасады.
Американың Перл-Харбор әскери базасына жақын маңдағы маневр кезінде Ресейдің Тынық мұхиты флоты зымыран тасымалдауға арналған үлкен қашықтыққа ұшатын авиацияның қолдауымен Гавай жағалауынан 20 теңіз милі қашықтығында қанатты зымырандардың көмегімен шартты жаудың авитасымалдаушы топтарын сәтті жойды. Бұл жағдай америкалықтарды біраз әбігерге салып, олар өздерінің F-22 Raptor жойғыш ұшақтарын қайта-қайта әуеге көтеруге мәжбүр болды.
Тынық мұхит флоты мамырда базадан шыққан және түрлі бағыт бойынша жасырын Гавай жағалауына жақын келген кемелер мен сүңгуір қайықтарының төрт жасағын Ресей жағалауынан 4000 километр қашықтықта (барлығы 20-дан астам) орналастырды. Кемелердің бортында "Вулкан", "Калибр", "Уран" сынды жүзден астам жедел-тактикалық және тактикалық зымыран болды.
Тынық мұхитының орталық бөлігінде өткен ауқымды оқу-жаттығуға Ту-95МС және Ту-160 зымыран тасымалдағыштары, Ту-142МЗ кемеге қарсы авация ұшақтары болды. Бұл маневрдің бұрын-соңды болмаған деңгейде өтуіне ықпал етті.

Ғарыш қаруы

С-550 жаңа зениттік зымыран жүйесі мемлекеттік сынақтан сәтті өтіп, әскери қызметке кірісті. Оның алдыңғы жүйелерден басты айырмашылығы – ол кез келген нысанды анықтау мүмкіндігі бар ұшу қашықтығы мен нысанды анықтау радиусының кеңдігі.
Ғарыш қаруы құрылықаралық баллистикалық зымырандардың оқтұмсықтарын, "бірнеше ондаған мың километр" биіктіктегі гипердыбыстық нысаналарды соғып түсіруге қабілетті. Қарашада жер маңайындағы орбитада ескі "Целина-Д" спутнигін жерден зымыранмен жоюы осыны растайды.
АҚШ ғарыш күштері Ресейдің өз спутнигін жоюын ескерту ретінде қабылдады. Соғыс бола қалған жағдайда, Пентагон мен НАТО екі сағаттың ішінде-ақ барлау және навигация бойынша барлық ғарыш аппаратынан айырылуы мүмкін. Себебі олардың басқаруында мұндай зымыран жүйелері жоқ.

Алысқа көз тігу

Ресей ұжымдық Батыстың гибридті және тікелей әскери қауіптеріне модернизацияланған жаңа Ту-160М стратегиялық зымыран тасымалдағыш ұшақтарының сериялық өндірісі арқылы қарсы жауап берді. Ресейдің ұзақ қашықтыққа ұшатын Ту-22М3 бомбалаушы ұшағы мен стратегиялық Ту-160 ұшағы қарашадан бастап Беларусь, Жерорта теңізі, Жапон және Шығыс Қытай теңіздеріндегі халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға атсалысып жатыр.
Мәскеудің Минск, Дамаск, Бейжіңмен әскери ынтымақтастығы тұрақты дамып жатыр. Желтоқсанда Ресей "әріптестерді" қауіпсіздік кепілдігіне негізделген бейбітшілікке шақырып, АҚШ пен НАТО-ға нақты келісім жобаларын ұсынды. Егер бұл жобалар мақұлданбаса, онда Ресей ұжымдық Батыстың Шығыс Еуропадағы әскери іс-қимылына реакция ретінде Куба, Иран, Сирия, Солтүстік Корея және басқа елдермен ынтымақтастық орнату арқылы ұшу қашықтығы 5500 километрге жететін стратегиялық қанатты зымырандарды орналастыруға көшуі мүмкін.  
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0