Спорт

Қанат Исламның келесі қарсыласы анықталды

© Sputnik / Тимур БатыршинКазахстанский боксер-профессионал Канат Ислам нокаутировал своего соперника – доминиканца Хулио де Хесуса
Казахстанский боксер-профессионал Канат Ислам нокаутировал своего соперника – доминиканца Хулио де Хесуса   - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2021
Жазылу
29 жастағы Джимми Келли 12 желтоқсанда отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген 
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Қазақ боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) араға бір жыл салып рингке шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақтың" келесі қарсыласы – британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО). Жекпе-жек 2022 жылы 21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтеді. Желіде бокс кешінің аңдатпасы жарияланды. 
Оқи отырыңыз: Батыр Жүкембаев мексикалық Альваресті 69 секундта нокаутпен жеңді - видео 
Ұлыбританияның Манчестер қаласында дүниеге келген Джимми Келли 29 жаста. Соңғы рет рингке 12 желтоқсанда шығып, отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) үшінші раундта нокаутпен жеңген.
2015 жылы Келли бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін таласқан. Бірақ Лиам Смиттен (30-3-1, 17 КО) техникалық нокаутпен ұтылды.
Ал қазақ боксшысы Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін биыл ақпан айында өткізіп, эквадорлық Джейсон Миндты (14-5-1, 8 КО) жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Жаңалықтар
0