https://sputnik.kz/20211229/toqaev-olom-jazasy-19019914.html
Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартуға қатысты заңға қол қойды
Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартуға қатысты заңға қол қойды
Sputnik Қазақстан
Енді Қазақстан өлім жазасы жойылған 106 мемлекеттің қатарына кіретін болады. Халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына... 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T18:44+0500
2021-12-29T18:44+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
өлім жазасы
заң
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_ff55edc851bbaa26b3cbaa80f6e4a13f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 11-бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Бұдан бөлек, өлім жазасы түсінігі, оны қолдану шарты, мораторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап та күшін жояды. Ал халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды."Заң жобасын қабылдау арқылы Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актіні нық сақтайтын мемлекет екенін көрсетеді. Сонымен қатар еліміз өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына кіреді", - деп атап өтті Шындалиев.Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасына қатысты қылмыстық заңнама нормаларын халықаралық хаттамамен үйлестіруді тапсырған болатын. Ал ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында өлім жазасын толығымен алып тастау қажеттігін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/07/16476899_311:0:1751:1080_1920x0_80_0_0_5efefd209862035f60d9db5bd3c19f5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, өлім жазасы, заң
қасым-жомарт тоқаев, өлім жазасы, заң
Тоқаев өлім жазасынан толық бас тартуға қатысты заңға қол қойды
18:44 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Енді Қазақстан өлім жазасы жойылған 106 мемлекеттің қатарына кіретін болады. Халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 11-бабынан өлім жазасы алынып тасталады. Бұдан бөлек, өлім жазасы түсінігі, оны қолдану шарты, мораторий кезіндегі талаптар туралы арнайы бап та күшін жояды.
"Енді ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру болады. Ал өлім жазасы алмастырылғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынады. Осылайша Қазақстан өлім жазасынан толығымен бас тартады", - деді Шындалиев.
Ал халықаралық хаттама бойынша өлім жазасын алып тастағаннан кейін оны қайта қалпына келтіруге болмайды.
"Заң жобасын қабылдау арқылы Қазақстан азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актіні нық сақтайтын мемлекет екенін көрсетеді. Сонымен қатар еліміз өлім жазасынан бас тартқан 106 мемлекеттің қатарына кіреді", - деп атап өтті Шындалиев.
Айта кетері, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасына қатысты қылмыстық заңнама нормаларын халықаралық хаттамамен үйлестіруді тапсырған болатын. Ал ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында өлім жазасын толығымен алып тастау қажеттігін айтты.