Елорда тынысы

Мереке күндері Нұр-Сұлтанда қандай шектеу енгізіледі

© Sputnik / Абзал КалиевЗимний день в Нур-Султане
Зимний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.12.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтан "сары" аймаққа енуіне байланысты елордада бұқаралық іс-шараларға қатысуға шектеу енгізілді
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиялық жағдай тұрақталуы үшін мереке күндері адам көп шоғырланатын орындарға барудан бас тартуға және карантин шараларын сақтауға шақырды.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, әлеуметтік байланыс көбейіп, карантин шараларын елемеу салдарынан әрбір мерекеден кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр.
Тәуелсіздік күнінен кейін елорда сегіз күнге созылған "жасыл" аймақтан шығып, қайтадан "сары" аймаққа көшті.
"Адам санының толуы 50%-ке дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын, ғимаратқа келушілер мен ондағы қызметкерлердің барлығында "жасыл" статус болуы талаптарын сақтаған Ashyq жобасына қатысатын нысандарда өткізілетін іс-шараларды есепке алмағанда, отбасылық жиындар, корпоративтер сынды бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады", - деді Бейсенова брифингте.
Елордадағы эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін адам көп жиналатын салтанатты іс-шаралар, мерекелерді өткізуден бас тарту ұсынылады.
"Бірге күш салу арқылы біз жағдайды оңалта алдық. Енді сол еңбектің барлығы зая кеткенін қаламаймыз. Алдағы мереке күндері мониторинг топтарының жұмысы жандана түсетінін атап өткім келеді. Тексерулер біреуді жазалау немесе айыппұл салу үшін емес, алдын алу шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін жүргізілетінін түсіну керек. Өйткені қаладағы эпидемиологиялық жағдай осыған байланысты болып отыр", - деді Сархат Бейсенова.
Ол елордада балалар қатысуымен жалпы мектепішілік және ұжымдық ертеңгіліктер ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанын еске салды.
Жаңалықтар
0