https://sputnik.kz/20211229/dastarkhan-tagamdar-2022-jyl-19019702.html
2022 жыл: дастархандағы тағамдар жылдың сәтті өтуіне қалай әсер етеді
2022 жыл: дастархандағы тағамдар жылдың сәтті өтуіне қалай әсер етеді
Sputnik Қазақстан
2022 жылы шығыс күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылы болады. Астрологтар жыртқыш аңды талай тыныштандырып, жыл табысты болуы үшін, денсаулық жақсаруы үшін не... 29.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-29T18:07+0500
2021-12-29T18:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
2022 жыл
тәтті тағам
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/19/18984852_0:130:1280:853_1920x0_80_0_0_c06a6fcdd4b9882e48493b61bc2a9baa.jpg
Гүлдер махаббатты тартып тұрадыСәттілік шақырып тұруы үшін үстелде міндетті түрде қызғылт сары немесе сары заттар – жемістер немесе әшекейлер болуы керек, дейді ведалық астролог Александра Нагорная."Жемістерден апельсин, мандарин, лимон болуы мүмкін. Мұның бәрі сәттілік түстері, Юпитердің түсі. Егер отбасыда энергия жеткіліксіз болса, барлығы бір ағыс бойымен қозғалатын болса, энергия үшін үстелде қызыл заттар болуы керек. Мысалы, қызыл майлық, әшекей, тәрелке немесе дастархан қоюға болады. Бұл отбасының жетістікке жетуі үшін көбірек энергия береді. Бұл энергия сәттілік алып келеді, дейді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.Сондай-ақ, дастарханда гүл болуы қажет, себебі бұл жыл Венера қамқорлығында өтеді. Үстелге аз да болса гүл қою керек, сонда Венера үйге махаббат тартады.Сонымен қатар барлық адамға мәзіріне күріш, сүт өнімдерін қосып, көп су ішу және психикамызды, жүйке жүйесін тыныштандыратын затты жеу өте маңызды саналады.Мысалы, какао немесе қара шоколад, қызылша, бұршақ дақылдары, картоп, банан, жаңғақтар, құс еті, жидектер, балдыркөк, балық, зәйтүн майы жүйкені тыныштандырады.Бал – денсаулық үшін, ал балық – балалы болғысы келетіндер үшінНумеролог Әсел Ыдырысованың айтуынша, үйде молшылық пен амандық болуы үшін мерекелік үстелдің ортасына күріш пен монета салынған табақ қою керек.Келесі жылы жаңа жыл қарсаңында жаңа зат кию өте маңызды. Үйге ақша келу үшін қалтаңызда қомақты қаржы мен дастарханда ананас пен жүзім болғаны жақсы.Сондай-ақ, үстелде ет болуы керек. Егер қыз жүкті болғысы келсе, онда уылдырық немесе балық қойған дұрыс.Егер жылжымайтын мүлік сатып алғыңыз келсе, онда өз қолыңызбен еттен тоқаш әзірлеп, достарыңыз бен көршілеріңізге дәм татқызыңыз.Отбасыда махаббат, әл-ауқат, жақсы атмосфера болу үшін үстелдің аяқтарын жасыл немесе қызыл лентамен байлауға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/19/18984852_0:48:1280:853_1920x0_80_0_0_f73cb298c0882424b231c9d0ee8f9286.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022 жыл, тәтті тағам
2022 жыл: дастархандағы тағамдар жылдың сәтті өтуіне қалай әсер етеді
18:07 29.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) 2022 жылы шығыс күнтізбесі бойынша су жолбарысы жылы болады. Астрологтар жыртқыш аңды талай тыныштандырып, жыл табысты болуы үшін, денсаулық жақсаруы үшін не істеу керек екенін айтты
Гүлдер махаббатты тартып тұрады
Сәттілік шақырып тұруы үшін үстелде міндетті түрде қызғылт сары немесе сары заттар – жемістер немесе әшекейлер болуы керек, дейді ведалық астролог Александра Нагорная.
"Жемістерден апельсин, мандарин, лимон болуы мүмкін. Мұның бәрі сәттілік түстері, Юпитердің түсі. Егер отбасыда энергия жеткіліксіз болса, барлығы бір ағыс бойымен қозғалатын болса, энергия үшін үстелде қызыл заттар болуы керек. Мысалы, қызыл майлық, әшекей, тәрелке немесе дастархан қоюға болады. Бұл отбасының жетістікке жетуі үшін көбірек энергия береді. Бұл энергия сәттілік алып келеді, дейді ол
Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Сондай-ақ, дастарханда гүл болуы қажет, себебі бұл жыл Венера қамқорлығында өтеді. Үстелге аз да болса гүл қою керек, сонда Венера үйге махаббат тартады.
Сонымен қатар барлық адамға мәзіріне күріш, сүт өнімдерін қосып, көп су ішу және психикамызды, жүйке жүйесін тыныштандыратын затты жеу өте маңызды саналады.
"Биыл екі саны үш рет қайталанып тұр, бұл Ай энергиясы күшейетінін көрсетіп тұр. Өз эмоциямызға өте жауапты қарау керек дегенді білдіреді", - деді Александра Нагорная.
Мысалы, какао немесе қара шоколад, қызылша, бұршақ дақылдары, картоп, банан, жаңғақтар, құс еті, жидектер, балдыркөк, балық, зәйтүн майы жүйкені тыныштандырады.
Бал – денсаулық үшін, ал балық – балалы болғысы келетіндер үшін
Нумеролог Әсел Ыдырысованың айтуынша, үйде молшылық пен амандық болуы үшін мерекелік үстелдің ортасына күріш пен монета салынған табақ қою керек.
Келесі жылы жаңа жыл қарсаңында жаңа зат кию өте маңызды. Үйге ақша келу үшін қалтаңызда қомақты қаржы мен дастарханда ананас пен жүзім болғаны жақсы.
"Жаңа жылдық дастарханға бал қою қажет. Бұл денсаулықтың белгісі. Сондықтан келесі жылы денсаулық жақсы болсын десеңіз, бал қойыңыз. Ол сапалы болуы керек", - дейді Ыдырысова.
Сондай-ақ, үстелде ет болуы керек. Егер қыз жүкті болғысы келсе, онда уылдырық немесе балық қойған дұрыс.
Егер жылжымайтын мүлік сатып алғыңыз келсе, онда өз қолыңызбен еттен тоқаш әзірлеп, достарыңыз бен көршілеріңізге дәм татқызыңыз.
Отбасыда махаббат, әл-ауқат, жақсы атмосфера болу үшін үстелдің аяқтарын жасыл немесе қызыл лентамен байлауға болады.